Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Шаруашылық жүргізуші субъектілердің өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтаулары

Қыс мезгіліне азық дайындау және ауылшаруашылық дәнді дақылдарын жинау маусымының басталуына байланысты ауылдық округыңыздың аумағында шаруашылық жүргізуші субъектілердің өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауларын Сіздің бақылауыңыз қажет, ал нақты айтсақ:

- егін жинауға қатысатын барлық тұлғалар егін жинау басталғанға дейін өртке қарсы нұсқаулықпен таңыстырылуы, ал жинаушы агрегаттар мен автомобильдер өрт сөндірудің бастапқы құралдарымен (комбайндер – екі өрт сөндіргішпен, екі найза күрекпен және екі сыпырғышпен; тракторлар – бір өрт сөндіргішпен, бір найза күрекпен), жұмыс істеп тұрған ұшқын сөндіргіштермен жабдықталған болуы қажет және ретке келтірілген қуат көзі, оталдырғыш пен майлау жүйелері болуы керек.

- тас төселген және темір жолдарды оқшаулау алабтарында масақ дақылдарын егуге болмайды. Шөптің бұл алабтарында шабылған көпенелерді астық массивтерінен 30 м кем емес қашықтықта орналастыру қажет.

- масақтар пісіп жетілмес бұрын, ормандарға, автомобиль және темір жол даласына іргелес жерлердегі алқабтар еңі 4 м кем емес жолақпен шабылып және жыртылуы қажет.

- астықтарды жинау массивтерді ауданы 50 га кем емес учаскелерге бөлуден басталуы қажет. Учаскелердің араларының еңі 8 м кем емес шабылуы қажет, шабылған астық шабылған жерден дереу жиналады. Шабылған жерлердің ортасының еңі 4 м жыртылады.

- уақытша егін стандарын өсімдіктерден тазартылған ауданда және егін массивтерінен, қырмандардан және т.б. 100 м жақын емес қашықтықта орналастыру қажет. Егін стандарының, астық қырмандарының аудандары еңі 4 м кем емес жолақпен жыртылады.

- егіншілік жағдайларында мұнай өнімдерін құю және сақтау құрғақ шөптен, жанғыш қоқыстан тазартылған арнайы аудандарда және қырмандардан, шөп маялары мен астық массивтерінің сабандарынан 100 м және құрылыстан 50 м қашықтықтағы еңі 4 м кем емес жыртылған жерлерде жүзеге асырылуы қажет.

- ауданы 25 га астам астық массивтерін жинауға тікелей жақын жерде трактор мен соқаны өрт шыққан жағдайға дайындықта ұстау қажет. 

- егін алқабтарында орылған егістің орнын, қалдықтарды өртеуге және от ошағын тұтатуға болмайды.

- астық қырманын ғимарат пен құрылыстардан 50 м, ал астық массивтерінен – 100 м жақын емес жерде орналастыру қажет.

- жинаушы машиналардың қозғалтқыштар радиаторлары, биттерлер біліктері, сабан толтырғыштары, транспортерлері, іріктеуіштері, шнек және басқа да бөлшектері шаң, сабан және дән түйірлерінен уақытылы тазартылуы қажет. 

Тыйым салынады:

- тракторлардың, өздігінше жүретін шассилердің және автомобильдердің капотсыз немесе капоттарының ашық қалқандарымен жұмыс жасауына.

- қозғалтқыштар радиаторларындағы шаңды күйдіру үшін дәнекерлегіш шамдарды пайдалануға.

- егіншілік жағдайларында қозғалтқыштары жұмыс істеп тұрған кезде тракторларға, комбайндерге және т.б. машиналарға жанармай құюға, сондай-ақ түңгілік уақытта қандай болмасын жанармай құюға.

Ботагоз Раскельдинова, мемлекеттік

өрт бақылау бөлімінің бас маман,

өртке қарсы қызмет подполковник