kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

«Екібастұз ГРЭС-2 Станциясы» АҚ 2015 жылға арналған қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары жобасын талқылау бойынша қоғамдық тыңдау ХАТТАМАСЫ

Өткізу күні: 24 шілде 2015 жыл.

Өткізу орны: Солнечный кенті, Әкімдік мәжіліс залы.

Өткізу уақыты: сағат 15:00.

Қоғамдық тыңдауды ұйымдастырушы: «Екібастұз ГРЭС-2 Станциясы» АҚ

Жұртшылыққа қоғамдық тыңдау туралы ақпаратты жеткізу тәсілі:

2015 жылғы 02 шілдедегі №26 «Голос Экибастуза» газетінде хабарландыру орналастырылған (мемлекеттік және орыс тілдерінде)

Хабарландыру көшірмесі (1 қосымша).

Қатысқандар:                 

− жергілікті атқарушы орган өкілдері

− «Екібастұз ГРЭС-2 Станциясы» АҚ жұмысшылары

− Солнечный кентінің тұрғындары

Барлығы – 42 адам қатысқан.

Қатысушыларды тіркеу тізімі осы Хаттамаға 2 қосымша ретінде тіркелген.

Қоғамдық тыңдауды өткізу үшін күн тәртібі, тыңдау регламенттін бекітіп, тыңдау төрағасы және хатшысын тағайындау қажет

Қоғамдық тыңдау төрағасын және хатшысын тағайындау (қарсылық жоқ):

Төраға–Солнечный кентінің Әкімі Алшимбаева М. Қ.

Хатшы – «Екібастұз ГРЭС-2 Станциясы» АҚ қоршаған ортаны қорғау бөлімінің жетекші инженері Кондратенко Т. Н.

Қоғамдық тыңдаудың күн тәртібі, регламенті:

1. Солнечный кентінің Әкімі Алшимбаева М. Қ. кіріспе сөзі - 3 мин.

2. «Екібастұз ГРЭС-2 Станциясы» АҚ 2015 жылға арналған қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары жобасын талқылауға ұсыну (3 қосымша) – 15 мин.

3. Екібастұз ГРЭС-2 Станциясы» АҚ 2015 жылға арналған қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары жобасын талқылау (сұрақ-жауаптар,
ұсыныстар) - 35 мин.

4. Іс-шаралар жоспарының жобасы бойынша шешім және ұсыныстарды қабылдау - 5 мин.

1.     Күн тәртібінің бірінші тармағы бойынша Солнечный кентінің Әкімі Алшимбаева М. Қ. мәлімдеді:

Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі 57 бабының 3 тармағына сәйкес «Екібастұз ГРЭС-2 Станциясы» Акционерлік қоғамымен қоғамдық тыңдауға қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралардың үлгілі тізімін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 12 маусымдағы № 162-ө бұйрығына сәйкес ресімделген, «Екібастұз ГРЭС-2 Станциясы» АҚ 2015 жылға арналған қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары жобасы ұсынылған.

«Екібастұз ГРЭС-2 Станциясы» АҚ 2015 жылға арналған қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары жобасын талқылауға Кусаинов Д. С. ұсынады.

2.     Күн тәртібінің екінші тармағы бойынша «Екібастұз ГРЭС-2 Станциясы» АҚ қоршаған ортаны қорғау бөлімінің маманы Кусаинов Д. С. мәлімдеді: (Презентация, 4 қосымша).

 

3.     «Екібастұз ГРЭС-2 Станциясы» АҚ 2015 жылға арналған қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары жобасын талқылау

           

Сұрақ:  Павленко Ю. Ф., «Союз потребителей Павлодарской области» ҚБ:  Іс-шаралар жоспары жобасында атқарылатын жұмыс көлемі неліктен келтірілмеген?

Жауапатқарылатын жұмыс көлемі 10 бағанда келтірілген (яғни күтілетін экологиялық нәтиже)

Сұрақ: Павленко Ю. Ф., «Союз потребителей Павлодарской области» ҚБ:  Іс-шаралар жоспары жобасының 8 тармағында «Экологиялық оқу» шарасы келтірілген. Қанша адам оқытылуы жоспарланған?

ЖауапКондратенко Т. Н. ҚОҚ бөлімінің жетекші инженері Жылына бір адам оқытылады. Тегін семинарлар өткізілген кезде жұмысшылар міндетті түрде қатысады.  

Сұрақ:  Павленко Ю. Ф., «Союз потребителей Павлодарской области» ҚБ:  Шлактарды  қайта өңдеуде Ресей жолы неге қолданылмайды.

Жауап:  Абельдинов С. К. өндіріс және қызмет көрсету жөніндегі Төраға Орынбасары Құрғақ күлді сұрыптау  проектісі әзірленген. Қазіргі уақытта оны қолданудың тәжірибелік жұмыстары іске асырылуда. Меморандумдар әзірленіп, үш фирмамен кілісімшарт ресімдеу жөніндегі келіссөдер жүргізілуде.

Сұрақ:  Павленко Ю. Ф., «Союз потребителей Павлодарской области» ҚБ:  Шлактарды  қайта өңдеуде Ресей жолы неге қолданылмайды.

Жауап:  Абельдинов С. К. өндіріс және қызмет көрсету жөніндегі Төраға Орынбасары Құрғақ күлді сұрыптау  проектісі әзірленген. Қазіргі уақытта оны қолданудың тәжірибелік жұмыстары іске асырылуда. Меморандумдар әзірленіп, үш фирмамен кілісімшарт ресімдеу жөніндегі келіссөдер жүргізілуде.

Сұрақ:   Павленко Ю. Ф., «Союз потребителей Павлодарской области» ҚБ:  Күлді жағажайды жергілікті топырақпен көмуден басқа заманауы технологиларға сай шаңды басу әдістері жаспарланған ба?

Жауап:  Абельдинов С. К. өндіріс және қызмет көрсету жөніндегі Төраға Орынбасары №3 энергоблок құрылысы кезінде сыртқы күл шығару жүйесінің земснаряды орнатылуы жоспарланған (мұнда балшық күлшоғынды сүлгінмен араласып күлді жағажайдың шаңдануы кемитіледі)

Сұрақ:  Павленко Ю. Ф., «Союз потребителей Павлодарской области» ҚБ:  «Екібастұз ГРЭС-2 Станциясы» АҚ күлшоғындылар үйіндісі неге шаңданады?

Жауап:   Сулейменов С. – «Қазақстан Республикасы энергетика министрлігі Экологиялық реттеу,бақылау және мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитеті "Павлодар қаласы бойынша экология департаменті" РММ мемлекеттік инспекторы.

«Екібастұз ГРЭС-2 Станциясы» АҚ күлшоғындылар үйіндісі жағынан шаңдану байқалмаған. Шаңдану «Б. Нуржанов атандағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС анықталған. Бұл сұрақ бойынша сіз Павлодар облысы бойынша экология Департаментіне өтініш жіберуіңіз мүмкін.

Сұрақ:   Невмержитская В.М. – СДТУ электромонтері.

Неге жылсайын көптеген көшеттер егілгенімен Орман әлі орын таппаған?

Жауап:  Абельдинов С. К. өндіріс және қызмет көрсету жөніндегі Төраға Орынбасары Бұл сұрақ менің жеке бақылуыма алынған: Айумақтың ауа райы жағдайына сәкес көшеттердің тамыр алуы төмен, бірақ «Екібастұз ГРЭС-2 Станциясы» АҚ құрыған көшеттерді қайта егіп, жасыл егінділерді күту қызметтін атқаруда.

 

4. Дәлелденген іс-шаралар жоспарының жобасы бойынша шешім және ұсыныстарды қабылдау.

Іс-шаралар жоспарының жобасын толықтыру немесе өзгерту ұсыныстары тіркелген жоқ.

Қоғамдық тыңдауға ұсынылған «Екібастұз ГРЭС-2 Станциясы» АҚ 2015 жылға арналған қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобасы жұртшылықпен мақұлданған

 

 

Қоғамдық тыңдаулар төрағасы

Солнечный кентінің Әкімі                                                               М. Қ. Алшимбаева

 

Қоғамдық тыңдаулар хатшысы

ҚОҚ бөлімінің жетекші инженер                                                    Т. Н. Кондратенко

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза