Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Темекі тарту кезінде абайсыздық

Өрттің шығу себебінің бірі темекі тарту, оны дұрыс сөндірмеу,аталған себеп бойынша Екібастұз қаласында 2015 жылдың 6 айында  2 өрт болды. Осы себептен болған өрттердің саны кемігеннің орнына өсіп отыр. Сондықтан өрттердің темекі тарту кезінде абайсыз болу себебіне аса көңіл бөлінуі қажет.

Адамдар көбінесе  темекіні от алдырғаннан кейін сіреңкені немесе темекінің қалдығын қайда болса сонда тастап, тыйым салынған жерлерде темекі тартып, темекінің қалдықтарын ағаштан жасалған бұйымдарға немесе отқа тие қалса жана кететін заттарға жақын қояды. Жатып алып темекі шеккен өте қауіпті, әсіресе мас күйінде. Өкінішке орай көріп отырғандарыңыздай ішімдікке салынған адамдардын  ұқыпсыздықтарынан болатын өрттер  көптеп  таралған. Болған оқиғалардың бәрі бір біріне ұқсайды: мас қүйінде адам темекі тартады, одан кейін ұйқықтайды, темекі төсек орнына, киіміне түседі. Одан кейін өрт болып, адам тұншықтырғыш газбен улана бастайды, соңы ажалға әкеліп соқтырады. 

Әр адам өзіне абайлаушылық пен сергектік таныту керек. Тағы да естеріңізге сала кететін жағдай өрттердің  алдын алу үшін - отты қолданғанда қарапайым ережелерді сақтау қажет.

 

 

Елена Рогожина, мемлекеттік

өрт бақылау бөлімінің аға инженері,

өртке қарсы қызмет майоры