Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



15ж.06.07. бастап 15ж.13.07. дейінгі аралықта «ҚР ТЖМ Екібастұз қ. Жедел-құтқару жасағы» күштерімен атқарылған авариялық-құтқару жұмыстары
  1. 09 сағ. 09 мин. балконында аралар ұя салғандығы туралы хабарлаған әйелден қоңырау түсті. Құтқарушылар, оқиға орнына келіп, еденнің бөлігін бұзып алды, араларды улады және ұясын алып тастады.  
  2. 19 сағ. 07 мин. жел балконында металл аралықты жұлып алғандығы және өтіп бара жатқандарға құлауы мүмкіндігін хабарлаған әйелден қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, слесарлық құралдың көмегімен аралықты бұзып алды және қауіпті жойды.
  3. 17 сағ. 08 мин. пәтеріне кіре алмай тұрғандығы, пәтерде екі жасар баласы бары жөнінде хабарлаған ер адамнан қоңырау түсті.  Құтқарушылар оқиға орнына келіп, арнайы құралдың көмегімен сыртқы есікті ашты. Бала пәтерде болды. Зардап шеккендер жоқ.  
  4. 20 сағ. 40 мин. жұмыстан келіп пәтеріне кіре алмай тұрғандығы, пәтерде жақында инсульт алған жұбайы бары жөнінде хабарлаған әйелден қоңырау түсті. Ер адам есік қағысына және телефон қоңырауларына жауап бермейді. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, бірінші қабаттың терезсінен торды шешіп алды. Пәтерге кірді және сыртқы есікті ішінен ашты. Ер адам диванда отырды.     

 

 

«ҚР ТЖМ Павлодар облысы ТЖД Екібастұз қ. ЖҚЖ» ММ қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері жағдайында сенім телефондары бойынша хабарлауыңызды сұраймыз:     22-21-10, 34-03-67, 8(7182) 53-69-82

 

«ҚР ТЖМ Павлодар облысы ТЖД      

Екібастұз қ. ТЖБ ЖҚЖ» ММ

3- бөлімшенің басшысы                                              Оспанов М.М.