Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Тарих көші

Орталық қалалық кітапханада қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Тарих көші» атты қазақ тарихының күні өтті.

Шараға Екібастұз қаласының құрметті азаматы, профессор, өлкетанушы Серік Жақсыбаев және ақын, журналист, Қазақстан Республикасы жазушылар одағының мүшесі Сайлау Байбосын, мәдениет ұйымдарының қызметкерлері шақырылды.

Көрермендердің назарына «Керей хан», «Жәнібек хан», «Кенесары хан» бейнероликтері ұсынылып,   Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақ хандығының 550 жылдығы туралы сұхбаты көрсетілді. Құрметті қонақтар қазақ хандығы туралы қызықты мағлұматтарды баяндады. Атап айтсақ, «қазақ» этнонимі мен Ілияс Есенберлиннің тарихи шығармаларына тоқталып өтті. С.И. Жақсыбаев Малайсары батыр туралы жазған мақаласымен тыңдармандарды таныстырды.

Кездесудің соңында «Қазақ хандығына - 550 жыл» атты библиографиялық көрсеткіштің тұсаукесері мен  «Тарих көші» атты электронды кітап көрмесіне шолу жасалды.