Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Жарнамалық материалдарды дәрі-дәрмектерді, медициналық тағайындау мен медициналық техникалар бұйымдарын жарнамалауға рұқсат беру

Қазіргі нарықта, бізге дәріханадағы фармацевтер, емдеуші дәрігердің өзі, барлық жерде кездесетін Интернет және жарнамалар кіші визиткалардан бастап үлкен билбордтарға дейін қысқаша сипаттап беруге арналған дәрі-дәрмектердің орасан көп тізімі бар.

         Бірақ, дәрі-дәрмектер және медициналық жабдықтар жарнамасы, ХҚКО бөлімінде алынатын арнайы рұқсат болған кезде жасалынатынын көбі білмейді.

         Ол үшін не қажет?

         Ең алдымен, әрине, жақын жердегі ХҚКО келіп, Бірыңғай электрондық кезекке талон алу керек, сіздің нөміріңізге қарама-қарсы сізге қызмет көрсететін үстелдің нөмірі көрінетін мониторға қарап қою керек.  Клиенттердің көпшілігі құжаттарды қабылдау секторын бұрынғы әдетпен «терезе» дейтінін атап айтамыз. Бірақ, бүгін, Қазақстанның барлық ХҚКО –да азаматтарға арналған «кедергісіз» қызмет көрсету қарастырылған.

         Келесі қадам – бұл инспектор алдында «Жарнамалық материалдарды дәрі-дәрмектерді, медициналық тағайындау мен медициналық техникалар бұйымдарын жарнамалауға рұқсат беру»  қызметін алуға өтініш толтыру.  Өтініштен басқа жеке куәлікті және  жарнамалық материалдарды дәрі-дәрмектерді, медициналық тағайындау мен медициналық техникалар бұйымдарына жүгіну саласына алдын-ала жасалынған сараптама қорытындысының көшірмесін беру қажет. Уәкілетті органнан келген дайын рұқсат қағазды алу үшін ХҚКО-ға  8 жұмыс күннен кейін жүгіну керек.

         Егер Сізде ЭЦҚ болса, онда бұл қызметті үйдегі өз компьютеріңізден Электрондық үкімет порталында «Денсаулық сақтау»  бағаны, «Лицензиялау, рұқсат құжаттары» бөлімінде алуға болады. Құжаттар тізімі сол, бірақ электрондық түрде.