Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Ең мықтылар жеңді

Екібастұзда Астана күнін мерекелеуге арналған жаппай спорттық кешенді жарыстар өткізілді.

4-5 шілдеде Солнечный, Шідерті кенттерінде ауылдық округ командалар арасында шағын-футболдан іріктеу турнирі өтті.

Жарыстың қорытындысы бойынша 1-орын «Солнечный» кенті командасының еншісіне тиді, 2-орын - «Шідерті» кенті, 3-орын - «Өленті» ауылы.

5 шілде күні «Жасыбай» БЖСМ-ның жүзу һәуізінде қала тұрғындары арасында жүзуден ашық біріншілік болды. Каплич Ульяна, Меркурьева Анастасия, Лейман Данил, Жанаев Айдархан, Клячин Дмитрий, Сафронова Наталья, Воробьев Юрий, Башкова Наталья, Текебаев Серік, Нургазин Константин, Нападовская Елена, Николаенко Светлана, Алеев Батырбек, Сайфулин Радик, Касимова Разия, Сарсембаева Татьяна, Шехов Владимир, Елубаев Марат, Чингишев Қуат жеңімпаз атанды.

6 шілдеде «Шахтер» қалалық мәдениет және демалыс саябағында ересектер арасында қалашық спорттан ашық чемпионат жарысы өтті, онда Соловьева Мария, Касенова Разия, Шехов Владимир, Петров Юрий, Хасенов Ерлан, Баранов Павел, Баранов Сергей, Агарков Владимир, Соловьев Михаил, Банников Геннадий жеңіп алды.