Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Астана – бас қала

3 шілде күні Астана күніне орай Достық Үйінде «Астана – бас қала» атты мерекелік  концерт өтті.  Шараны Павлодар қаласындағы Чайковский атындағы музыкалық колледждің студенті Алтынгул Бахытқан «Туған Ел» әнімен ашты. Нұрсултан Жамақанов кәріс тілінде ән айтып, көрермендердің  көңілінен  шықты. Славяндар «Гармошечка–говорушечка» атты көңілді әнді орындап берді. Нагара Назим даф Мурад әзірбайжан ырғақтарын ұлттық аспаптарда ойнады. Өзбек «Дустлик хайот» этномәдени бірлестігі бағдарламаны «Хилилла», «Чайхона», «Чаки-чаки» шығыс әуендірімен толықтырды. Қонақтар әншілерге қол соғып қошеметтеп, билей бастады. Іс-шараны   татаро–башқұр «Шатлық» ЭМБ-ның мүшесі Динара Искакова «Қазақ елі» әнімен аяқтады.

Бұл күні Достық Үйінің алаңында № 16 балабақша балалары  арасында асфальтта сурет салу конкурсы өтті.