Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



15ж.22.06. бастап 15ж.29.06. дейінгі аралықта «ҚР ТЖМ Екібастұз қ. Жедел-құтқару жасағы» күштерімен атқарылған авариялық-құтқару жұмыстары
  1. 14 сағ. 00 мин. алаңға шыққан уақытта желден сыртқы есігі жабылып қалғандығы, ал пәтерде екі жарым жасар баласы бары туралы хабарлаған әйелден қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, альпинистік жабдықтың көмегімен бесінші қабаттың балконынан төртінші қабаттың балконына түсті, арнайы құралдың көмегімен балкон есігін ашты, пәтерге кірді және сыртқы есікті ішінен ашты. Бала пәтерде болды. Зардап шеккендер жоқ.   
  2. 00 сағ. 25 мин. әжесінің халін білуге келгендігі және әжесі тәулік бойы есік қағысына және телефон қоңырауларына жауап бермейтіндігі, ал сыртқы есік ысырмаға жабық тұрғандығы туралы хабарлаған ер адамнан қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, полиция қызметкерлерінің қатысуымен терезенің торын арнайы құралдың көмегімен бұзып алды, сосын пәтерге кірді. Әжей жатын бөлменің еденінде жатты, құтқарушылар алғашқы көмек көрсетті және жедел жәрдем қызметкерлерін шақырды.  
  3. 10 сағ. 25 мин. тұрғын үйдің бір пәтерінен адам мүрдесінің иісі шығып тұрғандығы туралы хабарлаған полиция қызметкерінен қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, арнайы құралдың көмегімен сыртқы есікті ашты, пәтер иесінің денесі пәтерде болды.        
  4. 21 сағат 32 мин. медициналық көмек қажет психикалық ауру адам бар тұрғын үйдің бір пәтерінің сыртқы есігін ашуға құтқарушылардың көмегі керектігі туралы хабарлаған 103 жедел жәрдем қызметкерінен қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, медициналық қызметкерлерінің және полиция қызметкерлерінің қатысуымен сыртқы есікті ашты, науқас адамға көмек көрсету үшін жол берді.

 

«ҚР ТЖМ Павлодар облысы ТЖД Екібастұз қ. ЖҚЖ» ММ қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері жағдайында сенім телефондары бойынша хабарлауыңызды сұраймыз:   22-21-10, 34-03-67, 8(7182) 53-69-82

 

ҚР ТЖМ Павлодар облысы ТЖД

Екібастұз қ. ТЖБ ЖҚЖ» ММ

1-құтқару бөлімшесінің басшысы                                            С.Ю. Смирнов