Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Сербияның велосаяхаттаушысы Драган Шибалич Екібастұзда

Веложорық – бұл спорттық, танымдық мінезі бар, туризмге қатысы бар, жеткілікті таралған спорт түрі.  Велосипед негізінен қозғалу  құрылғысы болып табылады. Оның құндылығы аз емес,  ол күш жігерді нығайтады, денені шынықтырады. 

2015 жылғы 24 маусымда Екібастұз қаласына Сербияның Кралева қаласынан велосаяхаттаушы Драган Шибалич келді. 

Отыз жеті жастағы сербиялықтың мақсаты – 6 ай ішінде 20 мың шақырымды жүріп өту. Ол өзінің жолын 12 сәуірде Сербия астанасы Белградтан бастады.

Сербиялық велотурист 5 мыңнан аса шақырымды, яғни Румыниядан, Украинандан, Беларусиядан және Ресейден 2 айда жүріп өтті. Қазақстанда ол Ақтөбеде, Қостанайда және Астанада болды.

Жапония астанасы Токиоға барар жолда ол Павлодар арқылы  Новосибирскіге, әрі қараә Моңғолияға және Оңтүстік Кореяға барады.