Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



«Жұлдызды шаршы 4-D» жазғы жобасының жұлдыздары

Осы жылы Екібастұз қаласында «Жұлдызды шаршы 4-D»  жаңа жобасы  ашылды. Оны жүзеге асыру үшін «Қайнар» білім беру кешені, балалар бейнелеу мектебі, техникалық және балалар музыка мектебі мектептен тыс төрт ұйым бірікті.

          Бұл жоба аясында ағымдағы жылдың 21–26  маусым аралығында 70 бала және  20 педагог  Алматы қаласындағы Юнеско клубы  Қастеев атындағы бейнелеу және техникалық дизайн мектебінің «Өрнек» жазғы демалыс лагеріне  шығармашылық сапармен барды.

         Үш күн тез өте шықты. Мазмұнды, танымдық–көңілді бағдарламалар  балаларға  көптеген әсер қалдырды. Бұл: биік таулы «Медеу» мұзайдыны, қазақ ұлттық аспаптар музейі, «Сұңқар» шоуы, 28-гвардияшы-панфиловшылар атындағы  саябақ, «Барлық жазғы түстер» жарқын кросы, шеберлік класстары (күйіктас және киіз басу), аквапарк, дарын шоу, Маршмелоу алауы, би кеші, Арбат–2015, достық шеңбері.

Жобаға қатысушы Батырхан өз пікірімен бөлісті:

- Біз лагерге келгенде қызықты таңғаларлық сәттерді күттік. Ойлағанымыздай болды. Екі күн тез жылжып өте шықты, барлығымыз көптеген әсер алдық. Біз әрқашан есімізге аламыз. Лагерде футбол алаңынан бастап әдемі табиғи пейзаж, барлығы тәнті етеді.