Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



2015 жылғы 1 тоқсанның қорытындысы бойынша «Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» ММ атқарылған жұмысы туралы ақпарат

1. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау.

        Ағымдағы жылдың 1 тоқсанында «Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» ММ-не (бұдан әрі - Бөлім) 832 өтініш түсті, соның ішінде 685 жеке тұлғалардан және 147 заңды тұлғалардан, олар заңнамамен белгіленген мерзімде қарастырылды.

        Жер телімдерін беруге байланысты мәселелерді қарау бойынша комиссия отырысына 191 өтініш шығарылды.

        Жер телімдеріне құқық беру туралы және жер телімдеріне құқық беруден бас тарту туралы 267 қаулы жобалары дайындалды.

        566 шарт жасалды, соның ішінде:

        жалға алу, уақытша өтеусіз жер пайдалану шарты – 497;

        жер телімдерін жеке меншікке сатып алу-сату шарты – 36;

        уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын сатып алу шарты – 33.

        142 жер телімдері бойынша жер телімдерін қайта тіркеу, қайта ресімдеу және құжаттарды беру қамтамасыз етілген.

        2015 жылғы 1 тоқсанда 294 мемлекеттік қызмет көрсетілген, соның ішінде:

        «Жер телімдерін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобаларын бекіту» - 275;

        «Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер телімдерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту» - 19.

        «Жер телімдерінің нысаналы мақсатын өзгерту» мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жылдың басынан бастап 11 қаулы қабылданды.

        2. Екібастұз қаласының елді мекен жерлерін түгендеу.

        2015 жылдың 1 тоқсанында 50 жер телімі тексерілді, соның барысында нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмайтын 41 жер телімі анықталды. Аталған жер пайдаланушыларға ескерту жіберілді, сонымен қатар жер телімін оның нысаналы мақсатымен сәйкестігіне тексеру жүргізу үшін «Жер қатынастары басқармасы және инспекциясы» ММ-не құжаттар жіберілді.

        3. Ауыл шаруашылығы нысанындағы жерлерді түгендеу.

        2015 жылдың 1 тоқсанында ауыл шаруашылығы нысанындағы жерлерді түгендеу мақсатымен 14 орынға шығу ұйымдастырылды. Алаңы 523 981 га болатын барлығы 263 ауыл шаруашылығын қалыптастыру жер телімі тексерілді.

        Ауыл шаруашылығы нысанындағы жер телімдерін тиімді пайдалануға тексеру жүргізудің барысында келесі ауылдық округтерде жалпы алаңы – 31 821 га болатын 26 пайдалнылмайтын жер телімдері анықталды:

   1) Екібастұз ауылдық округі – алаңы 2 787,0 га, 7 ауыл шаруашылығын қалыптастырулар;

   2) Құдайкөл ауылдық округі – алаңы 1000,0 га, 1 ауыл шаруашылығын қалыптастырулар;

  3) Бәйет ауылдық округі – алаңы 1380,0 га, 2 ауыл шаруашылығын қалыптастырулар;

  4) Шідерті поселкесі – алаңы 11400,0 га, 3 ауыл шаруашылығын қалыптастырулар;

  5) Ақкөл ауылдық округі – алаңы 3415,0 га, 3 ауыл шаруашылығын қалыптастырулар;

  6) Сарықамыс ауылдық округі – алаңы 1742,0 га, 3 ауыл шаруашылығын қалыптастырулар;

  7) Шиқылдақ ауылы – алаңы 6100,0 га, 4 ауыл шаруашылығын қалыптастырулар;

  8) Бесқауға ауылы – алаңы 3997,0 га, 3 ауыл шаруашылығын қалыптастырулар.

  Ауылдық округтер саласындағы ауыл шаруашылығы нысанындағы жерлерді түгендеу бойынша жұмыс жалғасуда.

  4. Жерге төлемдер

  2015 жылдың 1 тоқсаны үшін жалға алудан, меншікке сатудан, жер телімдерінің жалға алу құқығын сату, жер салығынан түсімдер 561 898,3 мың теңгені құрады, соның ішінде: жылдың басынан жаңа жер телімдерін бөлу есебінен бір жылдың ішінде бюджетке қосымша 931,1 мың теңге, жеке меншікке сатудан қосымша түсімдер 8,1 млн теңгені, шамамен 20 млн тг түсетін болады.

  2015 жылғы 22 ақпанда Екібастұз қалалық мәслихатының 2014 жылғы 25 желтоқсандағы жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы №301/34 шешімі күшіне енді, осыған байланысты мемлекеттік бюджетке қосымша 260 000 000 теңге түсетін болады.

  Қазіргі уақытта жалға алу төлемдерін қайта есептеу ресімі өтіп жатыр. 2015 жылдың 15 сәуіріне 196 шарт бойынша 48,7 млн теңгеге қайта есептеу жүргізілді.

  Салық заңнамасының өзгеруіне байланысты (ауыл шаруашылығы нысанындағы жерлерге жер салығы мөлшерлемесінің 5 есе өсуі) ауыл шаруашылығын қалыптастырулар төлемдеріне қайта есептеу жүргізілді, осы төлемнің түрі бойынша қосымша түсім шамамен 2 млн теңгені құрайтын болады.

  5. 2014-2016 жылдары Павлодар облысының жергілікті бюджетіне есептелетін салық және басқа да міндетті төлемдердің, салықтық емес төлемдердің қосымша түсімдерінің резервтерін өтеу бойынша болжамды көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз ету жөнніде іс-шаралар Жоспарын орындауда.

  Мемлекеттік кірістер басқармасымен бірлесіп іс-шараларды өткізу графигіне сәйкес 15 сәуірдің жағдайы бойынша 7 орынға шығу жүргізілді, соның нәтижесінде 9 жер телімі тексерілді, соның ішінде нысаналы мақсаты бойынша жартылай пайдаланылатын 7 жер телімі.

  Жер телімдірінің иелеріне жер телімдерін факті бойынша пайдалануға құжаттарды сәйкеске келтіру қажеттілігі туралы хабарланды.

  Атқарылған жұмыстан болжамды түсім 350 мың теңге сомасында күтілуде.

  6. Ауыл шаруашылығы нысанындағы жерлерді тиімді пайдалану.

  Жерлерді тиімді пайдалану мақсатында ауыл шаруашылығы айналымына жалпы алаңы 36 285 га жер телімі енгізілді, осыған байланысты 23 жер пайдаланушыға жер телімдері берілді.

  7. 2015 жылға Екібастұз қаласы бойынша жерге орналастыру саласында жұмыстарды қаржыландыру.

  2015 жылы жерге орналстыру жұмыстарына қаланың жергілікті бюджетінен жалпы сомасы 8 820 000 теңге қаражат бөлінген, соның ішінде:

-  ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншіге ауыстыру – 1 500 000 теңге;

-  елді мекендерді түгендеу – 3 000 000 теңге;

-  шекараларды белгілеу, жер телімдерін саудаға қою – 500 000 теңге;

-  жалға алу құқығын сату бойынша сауда (аукцион) өткізу, БАҚ басылымдар – 2 500 000 теңге;

-  жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер телімдерін алуға кезектілік тізімін жариялау – 1 320 000 теңге.

 

 

 

«Екібастұз қаласы әкімдігінің

жер қатынастары бөлімі» ММ