kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

Балалар арасында суицид әрекеттерінің және қатыгездікпен қараудың алдын алу

Балалар арасында суицид  әрекеттерінің және  қатыгездікпен қараудың  алдын алу бойынша бойынша іс-шаралар  жоспарын жүзеге асыру аясында  «Қайнар»   ББК  базасында  «Қазақстанның тең құқықтар мен тең мүмкіндіктер институты» ҚФ  президенті, ҚР балалар құқығы бойынша Үйлестіру Кеңесінің мүшесі Маргарита   Өскембаеваның қатысуымен семинар  өткізілді.

Семинар  барысында  ата-аналарға жеткіншек жастағы балаларды тәрбиелеуде психологиялық көмек көрсету бойынша ата-аналар қауымымен кездесу өткізілді.  Шараға   200-ден аса ата-ана қатысты.

Сондай-ақ,  250  білім қызметкері үшін  (директорлар, директорлардың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, педагогтар, психологтар, сынып жетекшілері) жасөспірімдер арасында суицид  әрекеттерінің алдын алу бойынша  семинар  ұйымдастырылды.

Бұл кездесуде мектеп психологтарына, сынып жетекшілеріне осы бағыттағы жұмыстарды ұйымдастыру бойынша ұсыныстар берілді.  Сонымен қатар, осы әрекеттерге ықпал  ететін себептер  және  фактілер туралы мәселелер талқыланды. Мектеп психологтарына әдістемелік  әдебиет құралдары  таратылды.

 

 

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза