kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

15ж.15.06. бастап 15ж.22.06. дейінгі аралықта «ҚР ТЖМ Екібастұз қ. Жедел-құтқару жасағы» күштерімен атқарылған авариялық-құтқару жұмыстары

  1. 22 сағ. 28 мин. кіші жастағы баласы балконға жауып қойғандықтан балконнан шыға алмай тұрған әйел көп қабатты тұрғын үйдің 3-қабаттың балконында әйел көмек сұрап тұрғандығы, ал бала пәтерде қараусыз қалып қойғандығы туралы хабарлаған әйелден қоңырау түсті. құтқарушылар оқиға орнына келіп, альпинистік жабдықтың көмегімен бесінші қабаттың балконынан үшінші қабаттың балконына түсті, арнайы құралдың көмегімен балкон есігін ашты және әйелді пәтеріне баласына кіргізді. Зардап шеккендер жоқ.  
  2. 15 сағ. 00 мин. жаңа көпір ауданындағы суға толы қазаншұқырға 35 жастағы ер адам батып кеткендігі туралы хабарлаған ер адамнан қоңырау түсті. Денесін алып шығу керек. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, сүңгуірлік жабдықтың көмегімен суға енді және батып кеткеннің денесін тапты. Полиция қызметкерлерінің қатысуымен денесі судан жағаға шығарылды. 
  3. 16 сағ. 01 мин. екінші сорғы станциясы ауданыда екі жүк автокөліктері қақтығысқаны, зардап шеккендер бары және оның біреуі машинада қысылып қалғандығы туралы хабарлаған ЖКО басы-қасында болған ер адамнан қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, зардап шегушіні машинадан алып шықты, содан кейін зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетті және медицина қызметкерлерімен бірлесе зардап шеккендерді зембілде «жедел көмек» машинасына дейін жеткізді.       
  4. 00 сағат 10 мин. сыртқы есіктің құлпы желініп қалғандықтан пәтеріне кіре алмай тұрғандығы, ал пәтерде төрт жасар баласы бар екендігі жөнінде хабарлаған ер адамнан қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, балкон торы арқылы екінші қабаттың балконына шықты және ашық тұрған балкон есігі арқылы пәтерге кірді, сыртқы есікті ішінен ашты. Бала зардап шеккен жоқ.   
  5. 16 сағ. 40 мин. ауру ағасы (гипертоник) тәулік бойы есік қағысына және телефон қоңырауларына жауап бермейтіндігі жөнінде хабарлаған ер адамнан қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, арнайы құралдың көмегімен сыртқы есікті ашты, ер адам бөлмелердің бірінде еденде жатты, оны көтеріп керуетке жатқызды және «жедел жәрдем» қызметкерлерін шақырды. 
  6. 20 сағ. 05 мин. сиыры коммуникациялық құдыққа түсіп кеткендігі туралы хабарлаған ер адамнан қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, жануарды арқанмен байлады авто-манипулятор арқылы сиырды құдықтан алып шықты.  
  7. 10 сағ. 47 мин. адам мүрдесінің иісі шығып тұрған көп қабатты тұрғын үйдің бір пәтерінің сыртқы есігін ашуға құтқарушылардың көмегі керектігі туралы хабарлаған 102 кезекшісінен қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, үйдің шатырынан төртінші қабаттың балконына түсті және полиция қызметкрелерінің көзінше сыртқы есікті ашты, ер адамның мүрдесі бөлмелердің бірінен табылды.
  8. 15 сағ. 17 мин. әйелі ісіп кеткен саусағынан сақинасын шеше алмай жатқандығы туралы хабарлаған ер адамнан қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, слесарлық құралдың көмегімен сақинаны кесті және саусағын босатты.      

 

«ҚР ТЖМ Павлодар облысы ТЖД Екібастұз қ. ЖҚЖ» ММ қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері жағдайында сенім телефондары бойынша хабарлауыңызды сұраймыз:     22-21-10, 34-03-67, 8(7182) 53-69-82

ҚР ТЖМ Павлодар облысы ТЖД

Екібастұз қ. ТЖБ ЖҚЖ» ММ

Бас құтақрушы-кинологы                                            Г.А. Куценко 

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза