Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



2013 жылғы оқу-жаттығу дала жиындары

Жариялау күні: 20.05.2013 ж.

Екібастұз қаласы кадет мектебінің жанынан 2013 жылдың  15 мамырынан 18 мамыры аралығында  қала мектептерінің 10-сыныптарынан 420 оқушы қатысқан жылсайынғы оқу-жаттығу дала жиындары   өткізілді.

Дала жиындарында  7 оқу  пунктерінің жұмысы ұйымдастырылды, оған қала мектептерінің АӘД  оқытушылары-ұйымдастырушылары жауапты болды.

Мектеп оқушылары армияда қызмет етудің барлық мүмкіндіктерін өз бастарынан кешкендей болды. Жүз метрлік кедергілерден өтті, стадионның алаңында салтанатты   маршпен өтті,  сапта  тұрып, қаруды қолдану тәсілдерін көрсетті.

Сонымен қатар, оқушылар  тактикалық дайындықтан, азаматтық қорғаныс бойынша жас жауынгердің  курсынан өтті, әрі взвод  құрамында дене шынықтыру дайындығы бойынша сапта ырғу-лақтыру өнерін көрсетті.

Шара Екібастұз қаласының әскери комиссариатымен бірлесіп өткізілді. Барлық оқушылар дайындықтың жоғары деңгейін көрсетті.

Білім бөлімінің бас маманы, Н. Зеленкевич.