Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Нұрсұлтан Назарбаев Екібастұз МАЭС-2 қызметкерінің хатына өзі жауап берді

«Екібастұз МАЭС-2 стансасы» акционерлік қоғамы отын беру машинисі Галина Михнова  ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа хат жазды, оған Елбасы өзі жауап берді.

Хатта Галина Васильевна өзі туралы айтып, Мемлекет басшысын Қазақстан Республика президентінің кезектен тыс жалпыхалықтық сайлаудағы жеңісімен әрі келе жатқан туған күнімен құттықтады.

«Мен Қазақстанда туып-өскеніме және тұрып жатқаныма бақыттымын. Екібастұз МАЭС-2-де отын беру машинисі болып 20 жылдан аса еңбек етемін. Сіздің бірнеше жыл қатарынан біздің Президентіміз болғаныңызды мақтан етемін. Сіздің көрегей жетекшілігіңіздің арқасында біз бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп жатырмыз», - деп Г. Михнова жазған және Ұлт көшбасшысына өлең жолдарын арнаған.

Быть нашим Президентом Вам свыше суждено.

И столько лет быть Лидером не каждому дано.

Испытывает гордость за Казахстан народ,

Дружнее и богаче стал казахстанский род!

Нұрсұлтан Назарбаевтың жауап хатын Г. Михноваға Павлодар облысы әкімі аппаратықұжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімі нің басшысы Жанат Хамметов табыс етті.

 «Құрметті Галина Васильевна! Хатыңыз, менің қызметіме арналған ізгі тілегіңіз бен өлеңіңізге рахмет. Екібастұз қаласының және Сіз жұмыс істеп жатқан стансаның құрылуы менің қатысуымен өткен. Бұл өндірістік алыптар – Қазақстанның мақтанышы. Сізбен бірге жұмыс істейтіндердің бәріне сәлем айтыңыз. Менің ең игі тілектерімді қабыл алыңыз», - деп  Елбасы жауап қайтарған.