Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Төтенше жағдайлар басқармасында дөңгелек үстел өткізілді

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және осы орайда ҚР ІІМ ТЖ комитеті Екібастұз қаласының төтенше жағдайлар басқармасының қызметшілерінің арасында құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында басқарманың оқу сыныбында дөңгелек үстел ұйымдастырылып өткізілді.

Аталмыш шараға Екібастұз қаласының мәслихат депутаты, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі комиссия төрағасы Сергей Лепехин және ҚР ІІМ ТЖ комитетінің Екібастұз қаласындағы құрылымдылық бөлімшелерінің басшылары шақырылды, сондай-ақ Екібастұз қаласының ТЖ басқармасының мамандары қатысты.

Екібастұз қаласы ТЖ басқармасының орынбасары Ильяс Набиуллин баяндама жасап, баяндама барысында қатысушыларға лауазымды тұлғаның өзін қалай ұстау жөніндегі 7 қағидатпен (адал ниеттілік, сатылмайтындық, әділдік, есеп беруге міндеттілік, ашықтық, адалдық, басшылық) таныстырып, оларға нақты түсініктеме берді. С. Лепехин ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы соңғы заңнамасына енгізілген өзгерістермен таныстырды, әсіресе сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатқан іс-қимылдардың аса маңыздылығын айтып, комитет және мемлекеттік қызметшілерде ақиқатқа негізделген қалып болу керек екендігін түсіндіріп өтті.

 







Екібастұз қаласы

ТЖ басқармасының

 бас маманы

Майгүл Хамитова.