Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Жобаны қарастыру бойынша қоғамдық тыңдаулар хаттамасы «ЕЭК» АҚ «Восточный» кенішінің «№2, №4 көмір қоймаларын қайта құру»

Өткізу күні: 17.06.2015ж.

Өткізу орны:  Екібастұз қ., Старожилов көшесі, 14 («ЕЭК» АҚ әкімшілік ғимараты, конференц-зал, 2-қабат)

 

Қоғамдық тыңдаулар ұйымдастырылды:

Екібастұз қаласының әкімдігі, «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» акционерлік қоғамы

(мекенді орындаушы орган)

Қоғамдық тыңдаулар өткізілуі туралы ақпарат қоғамға жеткізілді:

- «Голос Экибастуза» газеті шығарылымы   201.28.05. № 21

- Екібастұз қаласы әкімдігінің интернет ресурсы

http://www.ekibastuz.gov.kz/ru/index.php?id=4091

(қолданылған ақпарат құралдарын көрсету, мысалы, СМИ атауы және жариялау күні)

 

Қатысқандар:

  1. Кабыкенова А.К. – Екібастұз қ. әкімдігінің «АЖжәнеЖК, ТКШБ»ММ өкілі
  2. Рерих О.А. – «ЕЭК» АҚ МжЭЖБэкология бөлімініңжүргізуші инженер-экологы
  3. Бондаренко Т.Т. – «Карагандагипрошахт и К» жобасының бас инженері
  4. Савин П.А. – «Карагандагипрошахт и К» ЖШС өкілі
  5. Коломенский А.И. – «Карагандагипрошахт и К» ЖШС өкілі
  6. Сулейменов С.С. – «ҚР ЭМ «ЭРБКжМКМИ Павлодар облысы бойынша экология Департаменті»РММөкілі
  7. Филаретов А.В.– Екібастұз қ. тұрғыны
  8. Каргасеков М.С. - Екібастұз қ. тұрғыны
  9. Наконечный Р.П. - Екібастұз қ. тұрғыны
  10. Колосков Т.С. - Екібастұз қ. тұрғыны
  11. Мороз М.В. – Екібастұз қ. тұрғыны
  12. Целлер Т.Ф. – Екібастұз қ. тұрғыны
  13. Айткен О.К. – Екібастұз қ. тұрғыны
  14. Жунусбеков М.С. – Екібастұз қ. тұрғыны
  15. Карашашев Х.К. – Екібастұз қ. тұрғыны

Қоғамдық тыңдауларды бастаған-Екібастұз қ. әкімдігінің «АЖжәнеЖК, ТКШБ»ММ өкілі Кабыкенова А.К.

Қоғамдық тыңдаулардың төрағасы болып жобаның бас инженері Бондаренко Т.Т. және хатшы болып «ЕЭК»АҚ МжЭЖБэкология бөлімінің жүргізуші инженер экологы Рерих О.А. сайланды.

Тыңдаулардың төрағасы күн тәртібін және тыңдаулардың уақыт тәртібін бекітуді ұсынды.

 

Қоғамдық тыңдаулардың күн тәртібі:

 

  1. Қоғамдықтыңдаулардың басталуы;
  2. Жобаның техникалық бөлімінің негізгі шешімдерін суреттеу (10-15 мин)
  3. Жоба шешімдерін іске асыру кезіндегі экологиялық әсерді суреттеу (10 мин)
  4. Жоба шешімін қоғаммен талқылау (әр қатысушыға 5 минуттен)

 

Қоғамдық тыңдаулардың күн және уақыт тәртібі бекітілді.

 

Қатысқандар:

Рерих О.А. – «ЕЭК» АҚ МжЭЖБэкология бөлімінің жүргізуші инженер экологы –қарастырылатын жоба бойынша қоғамдық тыңдауларды өткізуге дайындық тәртібі бойынша ақпарат берді, тыңдаулар өткізу туралы келісімдермен және жарияланымдармен таныстырды.

Бондаренко Т.Т. – «Карагандагипрошахт и К» жобасының бас инженері

- жобаның негізгі техникалық шешімдерін суреттеу, соның ішінде: 

Ұсынылған «Восточный» кенішінің №2, №4 көмір қоймаларын қайта құружобасы, 2013 жылы «Карагандагипрошахт и К» ЖШС өңделген, «Восточный» кенішінің шекараларындағы таскөмірдің Екібастұз кенорнын өнеркәсіптік өңдеудің бекітілген жобасының негізгі техникалық шешімдеріне сәйкес, «ЕЭК» АҚ техникалық тапсырмасының негізінде өңделген.

Жобаның тапсырмасы, Восточная ст. (ОТК) орталықтандырғыш тиеу кешенінің құрамына кіретін №2 және №4 көмір қоймаларын 150 м ұзарту арқылы ОТК қоймаларында (өндірудің және түсірудің жоғары көлемі кезінде) көмір аккумуляциясының көлемдерін арттыру және осы қоймаларда әрекет ететін технологиялық жабдықты модернизациялау.

Көмір қоймаларын ұзартуға  байланысты, орындау қарастырылады:

-         тиегіш т.ж. жолының учаскесінің, жаңа штабель бойында орналасқан, №2 қоймадағы ішкі аршылым қоймасына қайта құру;

-         автожол учаскесін ПК 0+00 Восточная ст. (ПК 3+45) автожолына жанасуына дейін тасымалдау.

Қойма жабдықтарын модернизациялауға инжиниринг, «ThyssenKrupp» неміс фирмасымен орындалған. 

Қоймалардың жабдығын модернизациялау көлеміне, жабдықтағы жеке тозған түйіндерді ауыстыру қосылған.

Қойма алаңдарындағы құрылыс-монтаж жұмыстар, әрекеттегі кәсіпорын жағдайларында іске асырылады.

Қоймаларды қайта құру мерзімділігі 26 ай ішінде, 2 деңгеймен қабылданады:

-         бірінші деңгейде, бірінші – екінші жыл ішінде №2 көмір қоймасы қайта құрылады;

-         екінші деңгейде, екінші – үшінші жыл ішінде №4 көмір қоймасы қайта құрылады.

Әр қоймадағы дайындық-құрылыс жұмыстарының ұзақтығы, жобамен – 9 ай қабылданған, технологиялық жабдықты монтаждау ұзақтығы – 4 ай (іргетастардағы монтаж, жабдықтағы жеке түйіндердің модернизация көлемдеріндегі монтаж).

Осы жобада ластау заттарының эмиссиялары есептелген, олар келесі жағдайлармен байланысты:

-         дайындық-құрылыс жұмыстармен;

-         көмір қоймаларын ұзарту учаскелерінде іргетастарда технологиялық жабдық монтажы;

-         кеніштің өндіру кертпештерінде қайта құру мерзімінде орналастырылатын уақытша қоймаларда ішкі аршылым аккумуляциясы;  

-         т.ж. жолын қайта құру және автожол учаскесін ауыстыру;

-         қайта құру кезінде қоймаларды пайдалану.

Жобаның технологиялық бөліміне сәйкес, көмір қоймалары 26 ай ішінде орындалатын болғандықтан, ластау заттарының ауаға эмиссия есебі үш жыл қайта құруға, әр жылға жеке  орындалған.

Қоғам өкілдерінің сұрақтары, ұсыныстары және ескертулері:

Сұрақ («ҚР ЭМ «ЭРБКжМКМИ Павлодар облысы бойынша экология Департаменті» РММ өкіліСулейменов С.С.):

Қоршаған орта компоненттерінеәсерді төмендету мақсатымен, осы жобамен қарастырылған экологиялық шаралармен таныстыруыңызды өтінемін.

Жауап (Бондаренко Т.Т. – «Карагандагипрошахт и К» жобаның бас инженері):

Шаң шығарылымын төмендету мақсатымен, жобамен келесі инженерлік-техникалық шаралар қарастырылған:

Көмір қоймаларын пайдалану кезінде – жазғы уақытта ішкі аршылымның көмірін және жыныстарын сулау. 

№1  және  №2 тиеу орындарында – 68,69 және 70,71 конвейерлерінен бункерлерге және т.ж. вагондарға, көмірді тиеу түйіндерінде орнатылған аспирация жүйелерін қолдану қарастырылады.

№1  (№№18, 19 жолдары) және №2 (№№16, 17 жолдары) тиеу орындары, тазалау коэффициенті 93,2-95% және тазалау коэффициенті 99,92/100% №1 және №2  НКАF 32/150 шаңбасқыш құрғақ батареялық циклондармен қызмет етіледі. 

Автожолдың учаскесін тасымалдау кезінде – жылдың жылы мезгілінде, суару машиналары арқылы жерді сулау.  

Бұл шара, жерге су шашу кезінде, шаңданудың интенсивтілігін 35% төмендетеді.

 

Сұрақ(«ҚР ЭМ «ЭРБКжМКМИ Павлодар облысы бойынша экология Департаменті» РММ өкілі Сулейменов С.С.):

 

Атмосфералық ауаға шығарылымдарды төмендету шараларын орындау үшін қандай да бір жабдықтар орнатылады ма? Жобада бұл ескеріледі ме? (Жобамен қарастырылған ба)?

Жауап: («Карагандагипрошахт и К» ЖШС өкілі Савин П.А.)

Пайдаланылатын жабдықтың жоғары дәрежеде тозуы себебі бойынша, көмір қоймаларында гидросулау бойынша, жобамен жабдықты ауыстыру қарастырылған. Қондырғыны жеткізуші неміс фирмасы ThyssenKrupp» болып табылады.

 

Талқылау шешімдері бойынша негізгі нәтижелер:

Жоба бойынша қоғамдық тыңдауларды болған деп есептеу. «ЕЭК» АҚ«Восточный» кенішінің «№2, №4 көмір қоймаларын қайта құру» жобасын осы редакцияда қабылдау. Осы шешімдер бір дауыспен қабылданды.

 Қоғамдық тыңдаулар төрағасы:

Бондаренко Т.Т.                                                    .

 (Аты-жөні, тегі (болған кезде), қолы)

 

Қоғамдық тыңдаулар хатшысы:

Рерих О.А.                          .

 (Аты-жөні, тегі (болған кезде), қолы)