Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Жобаны қарастыру бойынша қоғамдық тыңдаулар хаттамасы «ЕЭК» АҚ «Восточный» кенішінің «№2 циклдық-ағымды аршу кешені»

Өткізу күні: 17.06.2015ж.

Өткізу орны:  Екібастұз қ., Старожилов көшесі, 14 («ЕЭК» АҚ әкімшілік ғимараты, конференц-зал, 2-қабат)

 

Қоғамдық тыңдаулар ұйымдастырылды:

Екібастұз қаласының әкімдігі, «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» акционерлік қоғамы

(мекенді орындаушы орган)

Қоғамдық тыңдаулар өткізілуі туралы ақпарат қоғамға жеткізілді:

- «Голос Экибастуза» газеті шығарылымы   201.28.05. № 21

- Екібастұз қаласы әкімдігінің интернет ресурсы

http://www.ekibastuz.gov.kz/ru/index.php?id=4091

(қолданылған ақпарат құралдарын көрсету, мысалы, СМИ атауы және жариялау күні)

 

Қатысқандар:

  1. Кабыкенова А.К. – Екібастұз қ. әкімдігінің «АЖжәнеЖК, ТКШБ»ММ өкілі
  2. Рерих О.А. – «ЕЭК» АҚ МжЭЖБэкология бөлімініңжүргізуші инженер-экологы
  3. Бондаренко Т.Т. – «Карагандагипрошахт и К» жобасының бас инженері
  4. Савин П.А. – «Карагандагипрошахт и К» ЖШС өкілі
  5. Коломенский А.И. – «Карагандагипрошахт и К» ЖШС өкілі
  6. Сулейменов С.С. – «ҚР ЭМ «ЭРБКжМКМИ Павлодар облысы бойынша экология Департаменті»РММөкілі
  7. Филаретов А.В.– Екібастұз қ. тұрғыны
  8. Каргасеков М.С. - Екібастұз қ. тұрғыны
  9. Наконечный Р.П. - Екібастұз қ. тұрғыны
  10. Колосков Т.С. - Екібастұз қ. тұрғыны
  11. Мороз М.В. – Екібастұз қ. тұрғыны
  12. Целлер Т.Ф. – Екібастұз қ. тұрғыны
  13. Айткен О.К. – Екібастұз қ. тұрғыны
  14. Жунусбеков М.С. – Екібастұз қ. тұрғыны
  15. Карашашев Х.К. – Екібастұз қ. тұрғыны

Қоғамдық тыңдауларды бастаған-Екібастұз қ. әкімдігінің «АЖжәнеЖК, ТКШБ»ММ өкілі Кабыкенова А.К.

Қоғамдық тыңдаулардың төрағасы болып жобаның бас инженері Бондаренко Т.Т. және хатшы болып «ЕЭК»АҚ МжЭЖБэкология бөлімінің жүргізуші инженер экологы Рерих О.А. сайланды.

Тыңдаулардың төрағасы күн тәртібін және тыңдаулардың уақыт тәртібін бекітуді ұсынды.

 

Қоғамдық тыңдаулардың күн тәртібі:

 

  1. Қоғамдықтыңдаулардың басталуы;
  2. Жобаның техникалық бөлімінің негізгі шешімдерін суреттеу (10-15 мин)
  3. Жоба шешімдерін іске асыру кезіндегі экологиялық әсерді суреттеу (10 мин)
  4. Жоба шешімін қоғаммен талқылау (әр қатысушыға 5 минуттен)

 

Қоғамдық тыңдаулардың күн және уақыт тәртібі бекітілді.

 

Қатысқандар:

Рерих О.А. – «ЕЭК» АҚ МжЭЖБэкология бөлімінің жүргізуші инженер экологы –қарастырылатын жоба бойынша қоғамдық тыңдауларды өткізуге дайындық тәртібі бойынша ақпарат берді, тыңдаулар өткізу туралы келісімдермен және жарияланымдармен таныстырды.

Бондаренко Т.Т. – «Карагандагипрошахт и К» жобасының бас инженері

- жобаның негізгі техникалық шешімдерін суреттеу, соның ішінде: 

Ұсынылған «Восточный» кенішінің №2 циклдық ағымды аршу кешенінің жобасы, 2013 жылы «Карагандагипрошахт и К» ЖШС өңделген, «Восточный» кенішінің шекараларындағы таскөмірдің Екібастұз кенорнын өнеркәсіптік өңдеудің бекітілген жобасының негізгі техникалық шешімдеріне сәйкес, «ЕЭК» АҚ техникалық тапсырмасының негізінде өңделген.

Екінші конвейерлік аршу кешенін (№2 ЦААК) пайдалану, ішкі аршылым көлемдерінің істеп өтеуін және олардың циклдық-ағымды технология бойынша, кеніштің терең горизонттарынан (төмен аймақ) жоғарыға, 2-Конвейерный үйіндісіне жеткізілуін қамтамасыз етеді. №2 ЦААК жинақта теміржол көлігімен және №1 ЦААК қолданылуы, «Восточный» кенішінің өндірістік қуаттылығын арттыруға жол береді.

«Восточный» кенішіндегі көмір өндірілуінің дамуы, Қазақстан Республикасының индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің 2010ж.01.09. №258 бұйрығымен бекітілген, «2015 жылға дейін, келешекке 2020 жылға дейін Қазақстан Республикасының көмір өнеркәсібін дамыту бойынша шаралар жоспарына» сәйкес келеді.

№2 ЦААК технологиялық сұлбасы құрайды:

-                   аршу жыныстарының кеніштегі уатқыш-жүкті ауыстырып тиейтін орындарға көлікпен жеткізілуі;

-                   уатқыш-жүкті ауыстырып тиейтін орындардың уатқыш қондырғыларында ірілілігі 0-300 мм аршу жыныстарын ұсақтау;

-                   жоғары бетке апару үшін, ұсақталған аршылымды конвейер линиясына қайта тиеу;

-                   конвейер линиясындағы аршылымды үйіндіге тиеу.

Аршу жыныстарын кеніштен жоғары бетке апару бойынша кешен құрамына – кеніштегі екі уатқыш жүкті ауыстырып тиейтін орын (УЖО) және құрамында алты конвейер қондырғылары бар конвейер линиясы кіреді.

Уатқыш жүкті ауыстырып тиейтін орындар (УЖО), көлемі 1500 мм тау-кен массасын конвейер көлігімен 300 мм дейін ұсақтау жолымен тасымалдылықты қамтамасыз етеді, сол арқылы автомобиль көлігінен конвейер көлігіне көшуге жол береді. Осындай мақсатпен, УЖО №1 УҚ және №2 УҚ жартылай мобильды орындалған уату қондырғыларымен жабдықталады.

Ұсақталған тау-кен массасының УЖО кеніштің жоғарғы бетіне апарылуы, лента ені В=2000 мм лента конвейерлерінің жүйесімен қабылданған («Thyssen Krupp» неміс фирмасының өңдеуі және жеткізуі).

Жобаға сәйкес, №2 ЦААК технологиялық жабдығының құрылыс және монтаж мерзімі 26 айды құрайды.

Құрылыс жұмыстарының құрамына тау-кен күрделі және құрылыс-монтаж жұмыстары кіреді.

Шаң шығуды төмендету мақсатымен, осы жобада инженерлік-техникалық шаралардың толық кешені қарастырылған. 

1. Шаң шығуын төмендету бойынша шаралары ретінде, аршылым бойынша қазу-тиеу жұмыстарын жүргізу кезінде, КО-713 маркалы суару машиналарын қолданумен кенжарды суару қарастырылған. Шараның ортажылдық тиімділігі 35% құрайды.

2. Уатқыш-жүкті ауыстырып тиейтін орнынан жәнеконвейерден конвейерге аршылымның артық жүктелу түйіндерінен шаңның шығуын төмендету үшін, технологиялық жабдық жабынынан шаңдалған ауаны тазалауды қамтамасыз ететін аспирационды жүйе қондырғысы қарастырылған. №2 ЦААК-де он өздері тазалайтын майтүтікті аспирационды жүйелер және қондырғылар қарастырылған, төлқұжатқа сәйкес, олар ауаны 98 % тазартылуын қамтамасыз етеді. 

3. Уатқыш-жүкті ауыстырып тиейтін орындарының жабыны ретінде, материалды түсіру және уату кезінде пайда болатын шаңды басу және аспирация мақсатымен, бункер үстіне жабық ғимарат орнату қарастырылады.

4. Автосамосвалдар эстакадалары резеңке бүркеулермен жабдықталған, олар, түсіру кезінде, шаңның қағылуын алдын алу үшін арналған.

5. Конвейер лентасының жұмыс тараулары жазық жабынмен жабдықталады. Скочинский ат. ИГД институтының мәліметтеріне сәйкес, осы шара тиімділігі 90% (институт хаты №25/4-212 1991ж. 14.01.) құрайды.

Қоғам өкілдерінің сұрақтары, ұсыныстары және ескертулері:

Сұрақ«ҚР ЭМ «ЭРБКжМКМИ Павлодар облысы бойынша экология Департаменті»РММөкіліСулейменов С.С.):

Осы жоба, үйіндіжасағыш пайдалану кезінде, шаңның басылуын қамтамасыз ететін жабдықтың орнатылуын қарастырады ма?      

Жауап (Бондаренко Т.Т. – «Карагандагипрошахт и К» жобасының бас инженері):

Жоқ, осы жобамен, үйіндіжасағышты пайдалану кезінде, шаң басу қарастырылмаған.

 

Сұрақ(«ҚР ЭМ «ЭРБКжМКМИ Павлодар облысы бойынша экология Департаменті» РММ өкіліСулейменов С.С.):

Қолданыстағы ЦААК-1 үйіндіжасағышында шаңбасқыш бар ма?

Жауап: («Карагандагипрошахти К» ЖШС өкілі Савин П.А.)

Жоқ, қолданыстағы (Конвейер үйіндісінің) ЦААК-1 үйіндіжасағышында шаңбасқыш жүйесі қарастырылмаған.

 

Талқылау шешімдері бойынша негізгі нәтижелер:

Жоба бойынша қоғамдық тыңдауларды болған деп есептеу. «ЕЭК» АҚ«Восточный» кенішінің «№2 циклдық-ағымды аршу кешені» жобасын осы редакцияда қабылдау. Осы шешімдер бір дауыспен қабылданды.

 Қоғамдық тыңдаулар төрағасы:

Бондаренко Т.Т.                                                    .

 (Аты-жөні, тегі (болған кезде), қолы)

 

Қоғамдық тыңдаулар хатшысы:

Рерих О.А.                          .

 (Аты-жөні, тегі (болған кезде), қолы)