kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

«Жаңа ұрпақ» жазғы жобасы

Қоғамдағы орын алған өзгерістер девианттық топтағы балалар мен жасөспірімдерге көмек көрсету және осы топтағы оқушыларды тәрбиелеу іс-шаралар жоспарын жасау мәселесін күрделі етіп анықтады.

Екібастұз өңірінде екі жыл бойы девианттық топтағы балалардың демалысы мен бос уақытын қамтуға бағытталған «Жаңа ұрпақ» әлеуметтік жобасы жұмыс істеуде. 2014 жылы жоба аясында «Жас Ұлан» БЖҰ көшбасшыларымен бірлесіп түрлі іс-шаралар өткізілді, оның ішінде 500-ден астам жасөспірімді қамтумен «Жазғы арбат» (музыкалық, техникалық, шығармашылық мектеп тәрбиеленушілері жасөспірімдерге мастер-кластар берді); 105 жасөспірімді қамтумен «Заң және жасөспірім» атты дөңгелек үстел және ювеналды полиция қызметкерлерінің қатысуымен футбол ойыны; психологтардың қатысуымен балалар мен олардың ата-аналарына арналған тренингтер. 2014 жылдағы жобаның қорытынды іс-шарасы сауықтыру-танымдық бағдараламасымен Жасыбай көліндегі жасөспірімдер, олардың ата-аналары және мектеп инспекторларының бірлескен демалысы болды.

2015 жылы «Нұрлы жаз – 2015» жазғы бағдарлама аясында ювеналды полиция қызметімен бірлесіп ІІБ және мектеп бақылауында тұрған жасөспірімдердің бос уақытын қамту концепциясы құрылды.

Жаздың үш айының кешкі уақытында 122 жасөспірім «Ашық әлем» жасөспірімдерге арналған клубта қамтылып, «Орленок», «Қарлығаш», «Жас даурен» қала сыртындағы лагерьлерде демалады да, түрлі бағыттар бойынша акция мен флеш-моб қатысушылары болады.

«Жаңа ұрпақ» жобасының жаңа форматы 14 жастан асқан жасөспірімдердің кешкі уақыттағы бос уақытын қамтуға мүмкіндік береді. Жобаның биылғы ерекшеліктері – салауатты өмір салты мен спорттың жаңа түрі Workout-ты насихаттау бойынша флеш-моб акциялар. Спорттың көшедегі түрі жасөспірімдер арасында танымалдылыққа ие және көшедегі спорттық тренажерлардағы жаттығуларды насихаттайды. Сонымен қатар «ЗЮВС» туристік клубының тұсаукесері болады, олардың әлеуметтік бейнеролигі облыстық байқауда Гран-при жүлдесін иеленді.

 «Street drive» жастар фестивалі қызықты өтетін болады, 60-тан астам жасөспірімдер рэп-баттл, брейк-данс жарыстары, граффити сайыстарына қатысады.

«Айналамызда – спорт»» - бұл жасөспірімдер мен олардың мектеп инспекторлары футбол мен «көңілді старт» жарыстарында кездесетін спорттық мерекенің атауы.

Қазақ хандығы құрылуының 550-жылдығын тойлау аясында «Менің туған қалам» атты саяхат күні өтеді. Онда жасөспірімдер мұражай, теннис корты, мұз алаңы, қосымша білім беру мекемелеріне барады. 

Жасөспірімдердің денсаулықтарын нығайту мақсатында жазғы уақытта олар «Дельфин» жүзу бассейніне барады.

Сонымен қатар олар Көңілді тапқыштар клубы жазғы ойындарының  көрермендеріне айналады.

Жобаның арқасында мектеп бақылауында тұрған барлық жасөспірімдер жазғы уақытта демалыспен қамтылатын болады. 








Дана Муритова,

«Қайнар» білім беру және бос

уақытты қамту кешенінің әдіскері 

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза