kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

Абайлаңыз, көктайғақ !

ТЖ басқармасы ескертеді

Абайлаңыз, көктайғақ !

Биылғы жылғы қыс өзінің көктайғымен төтенше жағдай қаупін төндіріп тұр.

Көктайғақтан қалай сақтану керек?

Көктайғақ мезгілінде алдыменен, аяқ киім микропорлы, резеңкелі немесе жұмсақ ұлтанды болуы тиіс. Тері, пластик тайғақ келеді.

Мұзға жабысымдықтың қарапайым тәсілі: Өкшеге оның көлемі бойынша кесілген поролон тіліндісін немесе лейкопластырь жапсыруға болады. Сол лейкопластырьды немесе түрпіленген бөлгіш таспаны бүкіл ұлтанға (айқыш-ұйқыш немесе басқыш түрінде) жапсыруға болады және далаға шығар алдында құммен сылау немесе ұлтанды егеуқұм қағазымен ысқылау қажет. Мұндай әдіс бір-екі күнге жетеді.

Травматолог мамандар былай деп кеңес береді: аяқ басқан кезде бүкіл ұлтанмен басып, тізені бос ұстау қажет, қол бос болуы керек.

Сондай тығыз жұмыстары болмаса қарттардың, көктайғақ кезінде үйден шықпағандары дұрыс. Ал егер шығуға қажет болса, өзіменен табаны резеңкелі таяқ ала шыққан жөн.

Көктайғақ кезінде көлік жүргізушілерінде қиындықтар көбейеді, сондықтан жолда өте абай болу керек.

Көктайғақ кезінде дұрыс құлау олда тосын жағдайлардың алдын алады. Келесі қарапайым ережелер есіңізде болсын: аяқ тайып кетіп құлаған кезде тізе бүгіп отырыңыз, денеңіз жерге түскен кезде жаққа қарай аунаңыз, соққының екпінің азайтасыз.

Көктайғақ апаттарынан өз өзіңді қорғаудың ең бір дұрыс тәсілі көшелерде жол жүру ережесін сақтау болып табылады, соның ішінде:

-         автобустың артынан айналып өту;

-         балаларды өз жаныңнан жібермеу;

-         бағдар шамның қызыл түсі жанып тұрғанда жолдан өтпеу;

-   жолдан өтер кезде ең алдымен солға, содан соң оңға қарау;

-         жолдан өтуге дайындалып тұрған уақытта жол шетінде тұрмау:

-         автобус аялдамасында жүріп жатқан көлікке артыңмен бұрылмау;

 

Есіңізде болсын, Сіздің өміріңіздің аманшылығы өзіңізге байланысты!

 

М. Хамитова , ТЖ

басқармасының

бас маманы

 

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза