Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұздың ғасырлық тарихы

12 маусым күні Екібастұз тарихи–өлкетану музейінде тарих ғылымдарының кандидаты Б.А. Куватовтың 75 жылдығына «Екібастұздың ғасырлық тарихы» атты тарихи портрет өтті.

Іс–шараға № 7 мектеп–гимназиясының ұстаздары мен оқушылары қатысты.

Шара барысында қатысушылар кітап көрмесі арқылы көрнекті ғалым Б.А. Куватовтың өмірімен және қызметімен танысты. Екібастұз тарихы бойынша «Не? Қайда? Қашан?» зияткерлік ойыны жүргізілді. Сондай–ақ, қонақтарға Екібастұз тарихы бойынша бейнефильм көрсетілді.