Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



«Тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

 «Тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірлеген.
Мемлекеттік қызметті аумақтық әділет органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру мынадай баламалы негізде:
көрсетілетін қызметті беруші;
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – орталық);
«электрондық үкіметтің» веб-порталы» (бұдан әрі – портал): www.e.gov.kz арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап:
көрсетілетін қызметті берушіге немесе орталыққа – 2 (екі) жұмыс күні (қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында белгіленген құжаттарды қосымша тексеру қажет болған кезде қызмет көрсету мерзімі күнтізбелік 15 (он бес) күнге дейін ұзартылады, басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу қажет болған кезде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушыны ұзартылған кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде хабардар ете отырып, күнтiзбелiк 15 (он бес) күннен аспайтын уақытқа ұзартылады;
белгіленген мерзімді бұза отырып, баланың тууын тіркеген жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызмет күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде көрсетіледі;
туу туралы акті жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініш Жеке тұлғалар туралы мемлекеттік деректер қорының Орталық серверінде Қазақстан Республикасы бойынша акт жазбаларының электрондық нұсқалары болған кезде күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде қаралады, басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу қажет болған кезде қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушыны 2 жұмыс күні ішінде хабардар ете отырып, күнтiзбелiк 15 (он бес) күннен аспайтын уақытқа ұзартылады;
порталда – өтінішті алғандығын растау және тууды тіркеу күнін, уақытын белгілеу бөлігінде ақпаратты бір жұмыс күні ішінде алу;
көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін рұқсат берілген ең ұзақ күту уақыты:
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі:
көрсетілетін қызметті берушіде:
тууды тіркеу және жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде тууды тіркеу туралы куәлікті қағаз жеткізгіште беру;
жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде өзгерістер, толықтырулар енгізілген және түзетілген құжатты қағаз жеткізгіште берген көрсетілетін қызметті берушінің қолы қойылған жаңа куәлік беру;
орталықта:
жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде туу туралы куәлікті қағаз жеткізгіште беру;
жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде өзгерістер, толықтырулар енгізілген және түзетілген құжатты қағаз жеткізгіште берген көрсетілетін қызметті берушінің қолы қойылған жаңа куәлік беру;
порталда – көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында электрондық өтінішті және тууды тіркеу күнін белгілеуді қабылдау туралы хабарлама.
Портал арқылы жүгіну кезінде дайын құжаттарды беру орталықта жүзеге асырылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақылы/ақысыз көрсетіледі.
Тууды мемлекеттік тіркеу ақысыз көрсетіледі.
Туу туралы акт жазбасын өзгертуге, толықтыруға, түзетуге және қалпына келтіруге байланысты куәлік бергені үшін 0,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мемлекеттік баж алынады.
Мемлекеттік баж сомасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген мөлшерлемелер бойынша есептеледі және заңдық маңызы бар іс-әрекеттер жасалған және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органдар немесе лауазымды адамдар құжаттар берген орны бойынша есепке алынады.
Орталықта мемлекеттік баж мөлшері мен төленген күнін растайтын төлем құжатын беретін банк мекемелері арқылы төленеді.
Мемлекеттік қызметті көрсетуге электрондық сауал салуды портал арқылы берген кезде төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.
Жұмыс кестесі:
көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі.
орталықта – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сай және белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін үзіліссіз.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеделдетіп қызмет көрсетусіз «электрондық» кезек тәртібімен көрсетіледі, электрондық кезекті портал арқылы брондауға болады.
порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге немесе орталыққа жүгінген кезде тууды тіркеу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін);
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;
2008 жылға дейін неке қиюды тіркеген адамдар үшін ата-анасының неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлігінің көшірмесі;
туу туралы медициналық куәлігін немесе туу фактісін белгілеу туралы сот шешімінің көшірмесі (ақпарат жүйесінде мәліметтер болмаған жағдайда);
көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариатта куәландырылған сенімхат.
Белгіленген мерзімді бұза отырып баланың тууын тіркеген жағдайда қосымша ұсынылады:
ата-анасының түсініктеме жазбалары;
баланың туған жері мен ата-анасының тұрғылықты жері бойынша туу туралы акт жазбасының жоқтығы туралы аумақтық әділет органының анықтамасы (бала 2008 жылға дейін туған жағдайда);
баланың тұратын жері бойынша оның денсаулығы туралы медициналық анықтама (жүгінген кезден бастап 7 күннен кешіктірілмей берілген);
көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариатта куәландырылған сенімхат.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге немесе орталыққа жүгінген кезде туу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін);
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;
көрсетілетін қызметті алушының туу туралы куәлігі, куәліктің түпнұсқасы жоғалған жағдайда – тууды тіркеу туралы анықтама;
өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізудің қажеттігін растайтын құжаттар;
мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжатты немесе салық жеңілдіктерін беру үшін негіз болып табылатын құжат;
көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда, нотариатта куәландырылған сенімхат.
Мемлекеттік қызметті көрсетілетін қызметті беруші арқылы көрсету үшін қажетті құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға мыналар:
өтініштің қабылданған күні;
қоса берілген құжаттардың саны;
құжаттарды беру күні, уақыты;
құжаттарды рәсімдеуге өтінішті қабылдаған маманның тегі, аты, әкесінің аты көрсетілген қолхат беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді, сондай-ақ егер тіркеу 2008 жылдан кейін жүргізілген болса, азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктерді көрсетілетін қызметті беруші немесе орталық қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден мемлекеттік органдардың уәкілетті тұлғаларының ЭЦҚ-мен куәландырылған электронды құжаттар нысанында алады.
Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері немесе орталық қызметкері құжаттар түпнұсқаларының түпнұсқалылығын мемлекеттік органдардың мемлекеттік ақпараттық жүйелерінен ұсынылған мәліметтермен салыстырып тексереді, содан кейін түпнұсқаны көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
Мемлекеттік қызмет орталық арқылы көрсетілген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға орталық берген нысан бойынша жазбаша келісім береді.
Мемлекеттік қызметті орталық арқылы көрсетуге қажетті құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға:
сұрау салудың нөмірі мен қабылданған күні;
сұратылып отырған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің түрі;
қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;
құжаттарды беру күні, уақыты және орны;
құжаттарды рәсімдеуге қабылдаған орталық қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты;
көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты, уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары көрсетілген тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
Порталға жүгінген кезде:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
егер азаматтық хал актілерін тіркеу 2008 жылға дейін жүргізілсе, көрсетілетін қызметті алушы электрондық көшірме түріндегі құжаттарды электрондық сұрау салуға тіркейді.
Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын берген жағдайда орталық қызметкері өтінішті қабылдап алудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.