Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



ХҚКО арқылы жетім балаларды асырау үшін қамқоршыларға немесе қорғаншыларға жәрдемақы төлеуді белгілеу қалай ресімделеді

Ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап «Жетім балаларды және ата-ананың қамқорсыз қалған балаларды асырау үшін қамқоршыларға немесе қорғаншыларға жәрдемақы төлеуді тағайындау» мемлекеттік қызметі ХҚКО арқылы пилоттық режімде жүзеге асырылады. Бұл қызметті алу үшін, клиент келесі құжаттарды ұсыну қажет:

- өтініш;

- қамқоршы немесе қорғаншының жеке куәлік көшірмесі;

- жетім балаларды (жетім балаларды және ата-ананың қамқорсыз қалған балаларды) қорғау туралы анықтама;

- баланың туу туралы куәлік көшірмесі;

- банктік операцияларының жеке түрлерін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық банк лицензиясы бар екінші деңгейдегі банкке немесе ұйымға қамқоршы мен қорғаншының атына жеке есеп шотын ашу туралы шарттың көшірмесі;

- бір немесе екі ата-ананың балаға қорғаншылығы жоқтығы фактісін растайтын (қайтыс болғандығы туралы куәлік, ата-аналарды ата-аналар құқықтарынан айыру, оларды ата-аналар құқығынан шектеу, ата-аналарды хабарсыз жоқтығын, әрекет етуге қабілетсіздігін (қабілеттілігінің шектеулі екенін) мойындау, олардың қайтыс болғандығын жариялау туралы сот шешімі, ата-аналарды бостандығынан айыру жерінде жазаға тартылғандығы туралы соттың үкімі, ата-аналарды іздестіруді растайтын, ата-аналардан баланы (балаларды) тартып алу, ата-аналардың денсаулық сақтау жерінде ұзақ емделгендігі туралы құжат, баланы (балаларды) жасырын тастап кету туралы акт, баладан (балалардан) бас тарту туралы өтініш) құжаттың көшірмесі;

- баланың (балалардың) кірісі туралы мәлімет(мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны және басқа әлеуметтік төлемдерді, алименттерді алуды растайтын құжаттар, бала (балалар) мүлігінің кірісі бар туралы мәліметтер).

Төлемақыны тағайындау немесе оның бас тартуы туралы хабарлама түрінде келетін дайын қызмет үшін ХҚКО 10 жұмыс күнінен кейін жүгіну қажет.