Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



ХАТТАМА

«Павлодар облысы «Жингылды» кең орындағы қиыршықтасты өндірісте өндеу Проектісі»  және «Қоршаған ортаға әсер етуді бағалау»  оған қосымша «Қоршаған ортаға әсер ету бағасының» ІІ сатысы бойынша қоғамды тыңдау.

Жүргізілген күні: 2015 жылдың 10 маусымы, сағ.10-00-де

Жүргізілген орны: Павлодар облысы, Солнечный пос., әкімшілік ғимаратының мәжіліс залында

Жалпы тыңдаушыларды ұйымдастырушы: «Екібастұз қаласы,Солнечный пос. әкімшілік аппаратты»ҚБ

Жалпы тыңдаушылармен жүргізілген ақпараттардың мәліметтері қоғамдық ортаға жеткізілді: «Наша жизнь» гәзетіне.

Жалпы тыңдауға қатысқандар::

1.Жергілікті өкімет ұйымының атқарушы өкілі – Солнечный пос. әкімінің м.а. С:Ж Уахит

2.  «Павлодар» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» Акционерлік Қоғамы өкілі Т.Т. Байзаков

3. Жергілікті тұрғындар 9 адам (№ 1 хаттамаға қосымша).

«Павлодар облысында Жингылды» кең орындағы жоспарланған қиыршықтасты өндеу, «Жалпы қоғамға оның әсер етуін бағалау» жөніндегі материалдарды талқылау бойынша қоғамдық тыңдауды жергілікті өкімет ұйымының атқарушы өкілі С.Ж.Уахитов ашты.

Ол өзінің сөзінде, 26.03.2013 ж. «Қоғамдық тыңдау жұмыстарын жүргізу ережесінің бекітілуі туралы» № 56-ө ҚР қоршаған ортаны қорғау  Министрінің Бұйрығына өзгертулер енгізілгені туралы , 02.04.2012 жылдан № 88-П ҚР қоршаған ортанының Министрінің бұйрығы және                          09.01.2007 жылдан Қазақстан Республикасының Экология Кодексінің 17 б. 30 т.57 б. сәйкес, қоғамдық тыңдау жүргізілетінін айтты.

«Павлодар» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» Акционерлік Қоғамы жергілікті атқарушы ұйымымен алдын-ала келісіп, жүргізілетін орны мен уақытын белгілеп, «Наша жизнь» гәзетіне хабарлама берді. Бұған азаматтар, жергілікті өкімет ұйымының өкілдері,  қадағалау-бақылау ұйымдары шақырылды. Әрі қарай, жалпы қоғамды тыңдау үшін ,бұған төраға мен хатшыны сайлау, күн тәртібін белгілеу, сөз сөйлеу регламенті 5 минут болу керектігі жөнінде ұсыныс жасады.

Күн тәртібінде:

1. Жалпы тыңдаушылар хатшысы мен төрағасы сайланды;

2.  «Қоршаған ортаға әсер ету бағасының» ІІ  ОВОС сатысы бойынша «Павлодар облысы Жингелды» кең орындағы қиыршықтасты өндірісте өндеу Проектісі» қоршаған ортаға әрекет ету бағасының қорытындылары және                 «Павлодар» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» Акционерлік Қоғамы өкілінің жоспарланған жұмыстарының баяндамасы.

 

3. «Қоршаған ортаға әсер ету бағасының» ІІ  ОВОС сатысы бойынша «Павлодар облысы Жингелды»кең орындағы қиыршықтасты өндірісте өндеу Проектісі» қоршаған ортаға әрекет ету бағасының қорытындылары және                 «Павлодар» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» Акционерлік Қоғамы өкілінің жоспарланған жұмыстары туралы сөз сөйлегендегі пікірталасы.

Бірінші сұрағы бойынша келесі кандидатураларды ұсынды:

- жалпы қоғамды тыңдау мәжілісінің төрағасы лауазымына-С.Ж.Уахитті.

Ашық дауыс беруде-бәрі біруыздан «Иә».

жалпы қоғамды тыңдау хатшысының лауазымына-А.Қ.Макулжановты

Ашық дауыс беруде-бәрі біруыздан «Иә».

Екінші сұрақ бойынша:

«Қоршаған ортаға әсер ету бағасының» ІІ  ОВОС сатысы бойынша «Павлодар облысы Жингелды» кең орындағы қиыршықтасты өндірісте өндеу Проектісі» қоршаған ортаға әрекет ету бағасының қорытындылары және                 «Павлодар» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» Акционерлік Қоғамы өкілі Т.Т.Байзақовтың жоспарланған жұмыстары туралы сөз сөйлегені тыңдалды.

Баяндамашы барлық тұрғындардың алдында әлеуметтік жауапкершілікті, инфрақұрылымдылықтың жақсаруын, жаңа жұмыс орындарының қалыптасуын және әлеуметтік салаға қатысты сұрақтарды баяндады.

Есеп көрсеткіштерінде,атмосфералық ауаға зиянды заттарды лақтыру, ластану заттарының концентрациялары , бекітілген санитарлық-гигиеналық нормативтердің бірде бір компонетін жоғарлатпайды.

Тау жұмыстары маркшейдер қызметінің бақылауымен, инженерлер, технологтар және тау жұмыстарында тәжірбие алған  жұмыскерлерімен жүргізіледі. Бұл істер апатты оқиғалармен төтенше жағдайларды туғызбайды. Жұмыс барысындағы қалдықтарды ОВОС проектісіндегі ұсыныстармен келісе пайдаға асыру және реттеу.

Осымен қатар, «Павлодар» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» Акционерлік Қоғамы өкілдері  қоқыстарды шығару үшін, ауданның коммуналдық қызметімен келісімшартқа отыруды жоспарлап отыр.

Жоспарлап отырған жұмыс орындарында Қызыл кітапқа енген аңдар мен өсімдіктер жоқ, сонымен қатар жұмыскерлер үшін демалыс және тамақтану орындары қамтамасыз етіледі.

Басшылар тарапынан барлық тұрғындар мен жақын пунктердегі тұрғындардың алдында жауапкершілікті мойындарына алатындарын, кәсіпорын жағынан өсімдіктер мен аңдар әлемін сақтау, әлеуметтік инфрақұрылымдылықты  дамыту үшін, мүмкіндіктер көрсетілетіндері айтылды.

 

Бұл жасалатын барлық жұмыстар, өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарымен, экологиялық талаптарымен,санитарлық-гигиеналық талаптарына сәйкес жүргізіледі.

Аймақтағы жұмыс істеу объектісіндегі қоршаған ортаның жағдайының өзгерісі, санитарлық-қорғау аймағында бір деңгейде, жетерлік концентрациясынан шеттеп шықпай жүргізіледі,яғни  санитарлық қорғаныс аймағынан шығып өзгертулер болмайды.Қорытындылай келсек, жоспарланған жұмыстарда жағымсыз жақтардың болмайтыны анықталды.

Тұрығындар мен шақырушы тарапынан ешкандай қарсылық болған жоқ.

Талдау қорытындысы бойынша негізі шешімдер:

Жалпы мәжілістегі тыңдаушылар тарапынан, Павлодар облысы «Жингылды» кең орындағы қиыршықтасты  өндеу жұмыстарына қарсылық білдірген жоқ.

Күн тәртібі қарастырылып, мәжіліс жабылды деп саналсын.

 

 

         Мәжіліс төрағасы                                                                    С.Ж.Уахит

 

         Мәжіліс хатшысы                                                            А.Қ. Макулжанов