Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Электр қуаты – бұл ҚАУІПТІ

Ауа райының салқындауымен тұрғын үйлерде өрт оқиғалары көбееді, себебі тұрғындар тұрмыстық электр жылытқыш аспаптарын пайдалана бастайды. Электр қуатынан өрттің туындауының негізгі себебі – бұл қысқа мерзімдік түйісу, желінің шамадан тыс қызып кетуі. Егер сымдардың оқшаулануы зақымдалған болса, онда ашық сымдармен жанасқан кезде олар дәнекерлеп жабысып қалады және түйіскен жерден «қорғауға» дейін, яғни бөліп үлестіру қалқанына дейін барлық электр сымы бойынша температура жоғарлап кетеді.

Бұны болдырмау үшін электр сымын дұрыс күйде ұстау қажет, ал қысқа мерзімдік түйісулер мен желінің қызып кетуі (бірнеше электр жылытқыш және жарықтандырғаш аспаптарды бірден қосқанда) болған жағдайда өрттің алдын алу үшін бөліп үлестіруші қалқанда міндетті түрде зауыттан шығарылған калибрлік сақтандырғыштар болуы керек. Өкінішке орай өртпен байланысты көптеген қайғылы оқиғалар үй иелерінің ұмытшақтығынан болады, олар қарапайым заттарды ұмытып кетеді: желіге қосылған теледидар, үтіг, электр пештері және басқа да электр жылытқыш аспаптар уақытылы ажыратылған болуы қажет.

Сонымен 2011 жылдың өткен мезгілінде Екібастұз қаласында қысқа мерзімдік түйісуден бірнеше ірі өрттер болды, ал нақты айтсақ:

- 2011 жылдың 04.01 23 шағын ауданда қысқа мерзімдік түйісудің нәтижесінен жеке тұрғын үй өртенді;

- 2011 жылдың 22.01 Беркимбаев көшесінде қысқа мерзімдік түйісудің нәтижесінен пәтер мен үй заттары зақымдалды;

- 2011 жылдың 20.03 Сәтпаев көшесінде, салынып жатқан нысандардың біреуінің аумағында қысқа мерзімдік түйісу болды, нәтижесінде құрылыс фирмасының меншігіне жататын құрылыс вагоны түгел өртеніп кетті.

Менің ойымша, үйден шығар алдында барлық электр аспаптары мен газ пештерінің ажыратылғанын тексеру қиын емес. Қандай болмасын қуанышты немесе мұңды оқиғаларға қарамастан бөлмелер мен балкондарда шылым тартуға жол бермеу керек. Осындай ұсақ-түйектер қайғылы оқиғалардың алдын алуы мүмкін ғой. Азаматтар, ойланып көріңіздерші, осылай тәуекел етудің қажеті бар ма?

МӨББ аға инженері

ө/қ майоры                                                                  Е.Ш. Жұмашев