kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

«Мини –мисс - Екібастұз 2015»

«Өнер» қалалық мәдениет орталығының қолдауымен 4 жас пен 7 жас аралығындағы қыздардың қатысуымен  V  қалалық «Мини–мисс – Екібастұз 2015» байқауы өтті.  Байқау 4 бөлім  бойынша  жүргізілді.  «Таныстыру» бөлімінде жас қыздар өздері туралы әңгімелеп берсе,  «Менің Отаным – Қазақстан» жарысында байқауға қатысушылар туған жер, Отан туралы өлеңдерді мәнерлеп оқып берді. Ал «Шығармашылық» бөлімінде жас өскіндер би биледі,  ән айтты және саз аспаптарында ойнады. Соңғы «Анамның сәнқойымын»  атты бөлімде қолда бар материалдардан өздері  тіккен  сән көйлектерін көрсетті. Бұл байқауда Ригина Шабалдина «Мини-мисс – көзайым», Нарғыз Тәңірбергенова «Мини-мисс – мейірім», Александра Метрикова «Мини-мисс – нәзік» номинацияларында үздік болып танылды.  Ал  бас жүлдені «Мини-мисс - Екібастұз 2015»  атағын Тоғжан Мұхтарова иеленді.

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза