Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



«Кен орнын ашу және дайындау – 200м» «Шығыс» кенішінің шекарасында Екібастұз көмір кен орнын өнеркәсіптік қазу бойынша бекітілген жобаға өзгертулер және толықтырулар жобасын қарастыру бойынша қоғамдық тыңдаулардың хаттамасы

Өткізілген күні: 10.06.2015ж.

Өткізілген жері:  Екібастұз қаласы, Старожилов көшесі, 14 («ЕЭК» АҚ әкімшілік ғимараты, мәжіліс залы, 2 қабат)

 

Қоғамдық тыңдаулардың ұйымдастырушысы:

Екібастұз қаласының әкімдігі, «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ

 (жергілікті атқарушы орган)

Қоғамдық тыңдауларды өткізу туралы ақпарат келесілер арқылы қоғамдықтың мәліметіне жеткізілді:

- «Екібастұз дауысы» газеті, №20,21.05.2015ж.,

- Екібастұз қаласы әкімдігінің интернет қоры http://www.ekibastuz.gov.kz/ru/index.php?id=2077

(ақпарат жеткізу бойынша қолданған құралдарды көрсету,

мысалы БАҚ атауы және жарияланған күні)

 

Қатысушылар:

  1. Дуйсекенова С.К. – Екібастұз қаласы әкімдігінің «ТКШ, ЖК және АЖБ» ММ бас маманы
  2. Ю.А. Личман– «Шығыс» кенішінің бас инженері
  3. А.Г. Бурыкина– «ЕЭК» АҚ «Шығыс» кенішінің ҚОҚТ бастығы
  4. А.К. Утепбергенов– Екібастұз қаласының тұрғыны
  5. Б.К. Ахметуллов– Екібастұз қаласының тұрғыны
  6. Е.А. Кадыров - Екібастұз қаласының тұрғыны
  7. Р.К. Абенов - Екібастұз қаласының тұрғыны 
  8. Р.П. Наконечный - Екібастұз қаласының тұрғыны
  9. А.У. Рахимов–кеніш қызметкері
  10. М.А. Токшалов–Екібастұз қаласының тұрғыны

«ТКШ, ЖК және АЖБ» ММ бас маманы С.К. Дуйсекенова қоғамдық тыңдауларды ашты.

Қоғамдық тыңдаулардың төрағасы ретінде «Шығыс» кенішінің бас инженері Ю.А. Личман сайланды, хатшысы – «Шығыс» кенішінің ҚОҚТ бастығы.

Тыңдаулардың төрағасы күн тәртібін және уақыт тәртібін бекітуге ұсыныс жасады.

 

Қоғамдық тыңдаулардың күн тәртібі және уақыт тәртібі:

  1. Қоғамдық тыңдауларды ашу.
  2. Жобаның техникалық бөлімінің негізгі шешімдерін сипаттау (10-15 мин)
  3. Жоба шешімдерін жүзеге асыру кезіндегі экологиялық әсерді бағалау (10 мин)
  4. Қоғамның жоба шешімдерін талқылау (әр сөз сөйлеушіге 5 минут беріледі)

 

Қоғамдық тыңдаулардың күн тәртібі және уақыт тәртібі бекітілді.

 

Сөз сөйлегендер:

А.Г. Бурыкина–«ЕЭК» АҚ «Шығыс» кенішінің ҚОҚТ бастығы – қарастырылатын жоба бойынша қоғамдық тыңдауларды өткізу үшін дайындалу процедурасы бойынша мәлімет беріп, тыңдауларды өткізу туралы келісімдермен және жарияланымдармен таныстырды.

Ю.А.Личман– «Шығыс» кенішінің бас инженері–жобаның негізгі техникалық шешімдерді сипаттады, олардың ішінде:

«Қазіргі кезенде ашылған кен орындары – 50м. шығару көлемдерін бұрынғы деңгейде сақтау кезінде, кеніш бұдан әрі тереңдетіліп ашылады – 200м. Яғни, жобалық шартқа сәйкес, кеніштің тереңдігі 400 м. құрайды. Жобаны іске асыру кезінде, кеніштің 8 және 12 алаптары қазылады. 8 және 12 алаптар жобаға сәйкес, ашылады.»

А.Г. Бурыкина– «ЕЭК» АҚ «Шығыс» кенішінің ҚОҚТ бастығы – кен жұмыстарын тереңдету және ұзарту есебімен, жоба шартына кеніштің қоршаған ортаға тигізетін әсерін сипаттады.

Ю.А.Личман– «Шығыс» кенішінің бас инженері – жобаның іс-әрекет жасау мерзімі ішінде, орындалуы қарастырылған, болашақ табиғат қорғау іс-шаралары туралы қосымша ақпарат берді: 

«Иеліктен шығарылған жерлердің көлемін қысқарту және аршу жыныстарын қоймалау үшін жаңа жерлерді қолданбау үшін, аршылған жыныстарды қоймалау биіктігін көтеріп, әрекеттегі жыныс үйінділерін бұдан әрі пайдалану жоспарлануда.

Сонымен бірге, «Орика» фирмасымен шығарылатын, ЖЗ пайдалану есебінен, жарылыс жұмыстарды өткізген кезде ластаушы заттардың шығарылуын төмендету бойынша сынаулар өткізіледі.

Қоғамдықтың сұрақтары, ұсыныстары және ескертулері:

Сұрақ(«ТКШ, ЖК және АЖБ» ММ бас маманы, С.К.Дуйсекенова):

Сынауларды қалай өткізесіз, әр түрлі ЖЗ қолданған кезде, ластаушы заттар қандай көлемде шығарылады?        

Жауап («Шығыс» кенішінің ҚОҚ тобының бастығы А.Г. Бурыкина):

Әр түрлі ЖЗ қолданған кезде, атмосфераға шығарылатын ластаушы заттардың көлемі есептеу әдістемесіне сәйкес анықталады.

Жауап (кеніштің бас инженері, Ю.А.Личман):

Сынаулар Орика фирмасымен бірге өткізіледі.

 

Сұрақ((«ТКШ, ЖК және АЖБ» ММ бас маманы, С.К.Дуйсекенова):

Сіз 2015 жылы 1000 ағаш сатып алып, отырғызуды жоспарладыңыз. Бұл жоспарыңыз іске асты ма?      

Жауап (кеніштің бас инженері, Ю.А.Личман):

Иә, орындалды. 2000 ағаш көшеті сатып алынып, отырғызылды. Оның ішінде, кеніш күшімен қала саябағында және кеніштің өнеркәсіптік алаңшасында 500 ағаш отырғызылды.

 

Талқылау қорытындылары бойынша негізгі шешімдер:

  1. «Кен орнын ашу және дайындау – 200м» «Шығыс» кенішінің шекарасында Екібастұз көмір кен орнын өнеркәсіптік қазу бойынша бекітілген жобаға өзгертулер және толықтырулар жобасы берілген редакциясында қабылдансын. Бұл шешім бір ауыздан қабылданды.

 Қоғамдық тыңдаулардың төрағасы:

Ю.А.Личман                                                                .

 (Тегі, аты, әкесінің аты (болса), қолы)

 

Қоғамдық тыңдаулардың хатшысы:

А.Г.Бурыкина .

(Тегі, аты, әкесінің аты (болса), қолы)