Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұз қаласында мүлікті жария етудің барысы туралы ақпарат

Мемлекет «Мүлікті жария ету – 2014» бағдарламасының форматында біржолғы акцияны өткізуде, ол өз мүлкін, оның ішінде бұрын жариялы экономикалық айналымнан шығарылған ақшаны заңды түрде жария етуге ниет білдірген барша азаматқа көмек көрсетуге арналған. 

         Акция Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 30 маусымдағы «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» № 213-V Заңы қолданысқа енгізілген сәттен бастау алды.

         Осы шығарылған заңда жария етілуі мүмкін мүліктің тізбесі нақты көрсетілген. Оған: ақша; ағалы қағаздар; заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі; оған құқық немесе ол бойынша мәмілелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тіркеуге жататын, басқа адамға ресімделген жылжымайтын мүлік (ғарыш объектілерінен және магистральдық құбырлардың желілік бөлігінен басқа); құрылыс нормалары мен қағидаларына, сондай-ақ өздері орналасқан, жария ету субъектісіне меншік құқығында тиесілі жер учаскесінің нысаналы мақсатына сәйкес келетін, Қазақстан Республикасының аумағында тұрған үйлер (құрылыстар, ғимараттар); Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерде тұрған жылжымайтын мүлік жатады.

Құжаттарды жария ету субъектілері:

1) Қазақстан Республикасы аумағының шегiнен тыс жерлерде тұрған мүлiк бойынша (ақшадан басқа) – жария ету субъектісінің тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органына (бұрынғы – Екібастұз қаласы бойынша салық басқармасы);

2) Қазақстан Республикасының аумағында тұрған мүлiк бойынша (ақшадан басқа) – мұндай мүліктің тұрған жері бойынша комиссияға өтініш тапсырылатын жылжымайтын мүлікті жария ету жағдайларын қоспағанда, жария ету субъектісінің тұрғылықты жері бойынша комиссияға ұсынады.

Екібастұз қаласында мүлікті (ақшадан басқа) жария етуді өткізу жөнінде комиссия құжаттарды қабылдауды Мәшһүр Жүсіп көшесі 45, № 35 каб., тел. 344500 мекенжайындағы қала әкімінің аппаратында жүзеге асырады.  

2015 жылғы 15 маусымдағы жағдай бойынша Екібастұз өңірінің аумағында 63 объектіні жария ету туралы 39 өтініш түсті, оның 11-і тұрғын, 52-сі тұрғын емес; олардың ішінде 9 тұрғын объект және 35 тұрғын емес объект жария етілді.

9 өтініш қайтарылды, олар бойынша 3 тұрғын емес объектіні жария етуден бас тартылды және 10 объект қаралмай қайтарылды (2- тұрғын; 8-тұрғын емес).

Келіп түскен өтініштерге қарағанда мүліктің жалпы құны      144 182 300 теңгені құрады, оның ішінде 86 892 300 теңге сомаға мүлік заңдастырылған. 

 

Екібастұз қаласы әкімінің аппараты