Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Менің қаламның бояулары

10 маусымда Қала күні мерекесі аясында «Өнер» қалалық мәдениет орталығында мәдениет сарайының көркемөнер ұжымдары «Улыбка» ҮХА, «До ми соль» вокалды тобының, «Тұмар» ішекті аспаптар ансамблінің, «Серпантин» спорт клубының қатысуымен «Менің қаламның бояулары» атты ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылды.

Ең жас көрермендер үшін «Менің сүйікті қалам» атты асфальтта суреТ салу байқауы өткізілді. Жол үстіне салынған суреттерде балалар өз армандары мен ойларын жеткізді. Байқау соңында  жас өскіндерге тәтті сыйлықтар таратылды.

         Кешкілік хип-хоп және брейк-данс бойынша «BREIK PARTY» батлы өтті.  Бишілер «Junior 3x3»,  «Kids 1x1», «В girl» номинациялары бойынша жарысты.  Байқауды «Danger» командасының жетекшісі Руслан Жалиев жүргізді. Спортшы-биші жастар шеберліктерін көрсетіп, көрермендер көңілінен шықты.