Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Қала басшысы әкімдік мәжілісін өткізді

Қала әкімі  Александр Вербняктың төрағалық етуімен   Екібастұз төтенше жағдайлар жөніндегі комиссияның кезекті мәжілісі өткізілді. Отырыстың жоспарына сәйкес 4 мәселе қаралды.

Адам мен жануарлардың аса қауіпті инфекциялық ауруларының алдын алу жөнінде ветеринария бөлімінің басшысы Тілеубай Сәдуақасов баяндады.

2015 жылы республикалық бюджеттен «Эпизоотияға қарсы іс-шаралар» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 41,8 млн. теңге және барлық мал түрлерін алдын–ала егуге 228812 басқа 41,8 млн. теңге бөлінді. 2015 жылдың бірінші тоқсанында ветеринариялық алдын-алу іс-шаралар жоспарына сәйкес сібір жарасына қарсы 15 мың бас ірі қара мал, 11 мың бас ұсақ мал, 1500 бас жылқы, 700 шошқа, 50 бас түйе, ірі қара малдың эмфизематоздық карбункулына қарсы 9500 бас егілді. Аймақта 28 мал қорымы,  соның ішінде 12-сі қарапайым, 16-сы бір үлгідегі құрылғылар, 1 қасапхана және 9 мал сою алаңы қызмет көрсетеді. Ветеринарлық станцияда шарт негізінде 14 білікті мал дәрігері еңбек етеді.

ҚР АШМ Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Екібастұз қалалық аумақтық басқармасының бастығы Төлеубек Жәкенов ауылдық округтердегі өте қауіпті аурулардың пайда болуына жол бермеу мақсатында қабылданған шаралар мониторингі туралы әңгімеледі. Бүгінгі күні, 1961-1982 жылдар аралығында сібір жарасынан өлген малдардың сүйектері көмілген алты жерінің, төртеуінің орындары анықталған, олардың нақты координаттары бар және  картада белгіленген. Осы таңда  екі көму жері анықталмаған. Бұл бағытта жұмыстар жүргізілуде.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлім басшысының міндетін атқарушы Ерлан Көшкінбаев дезинсекциялық шаралар туралы есеп берді. 2015 жылы Екібастұз қаласында дезинсекциялық қызметтерді жүргізу үшін 6.1 млн теңге сомаға «Вет-Дез ПВ» ЖШС-ның директоры Сәндібек Нысанбековпен мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша шарт жасалды.

Сондай-ақ, отырыста суда шомылу маусымына дайындық және су қоймаларындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі қарастырылды.

           Әкімдік мәжілісінің барлық мәселелері қаралып, әр мәселе бойынша шешім қабылданды.