Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Сабантой

Өткен аптада «Шатлық» этно-мәдени бірлестігі ұлттық «Сабантой» өткізді. «Шахтер» саябағы  нағыз татар-башқұрт ауылына айналды. Сахна алды мен төрі ұлттық нақышта безендіріліп, қолөнер жәрмеңкесі ұйымдастырылып, татар әндері шырқалды. Шараға Астана және Павлодар қалаларынан қонақтар шақырылды. Мерекені әр ұлт өкілдері қосылып әсем бимен ашты. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы  Айжан Жұмабаева мейраммен құттықтап, белсенді қатысушыларды алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапаттады. Сабантой өте көңілді өтіп, келген жұрт өте риза болды.