Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Павлодар облысының 1,2 топтағы 13379 мүгедектер Мобильдік ХҚКО қызметін үй жағдайында ала алады

ХҚКО облыстық филиалының өкілдері, «Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ, сонымен қатар мүгедектер қоғамдық бірлестіктері дөңгелек үстел барысында мобильді ХҚКО көмегімен 1,2 топтағы мүгедектерге мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысты бірнеше мәселелерді талқылады. Отырыс барысында  SMS көмегімен есту қабілетінде проблемасы бар азаматтарға ыңғайлы болу үшін, сондай-ақ оларға бекітілген әлеуметтік қызметкерлердің мүгедектерге қызмет көрсетуге жәрдемдесуі, ББО өтінімдерді ресімдеуі, ҰОС ардагерлеріне қызмет көрсетуі туралы ұсыныстар енгізілді.

         Облыстық ХҚКО директорының орынбасары Ернар Қадырбаев мобильді ХҚКО мүгедектерге жолға шығу туралы өз көз қарасымен бөлісті.

- мобильді ХҚКО – бұл өте ыңғайлы, уақытты үнемдейді, ХҚКО бөліміне өз бетімен жету үшін  көп күш жұмсаудың қажеті жоқ. Инспектор белгіленген уақытта келіп, қызметті орнында ресімдейді, егер уәкілетті органнан стандарт бойынша құжат бірнеше күннен кейін келсе, онда сол  Мобильді ХҚКО үйге жеткізіп,  жеке қолына береді.

         Атап айтқанда, бірыңғай байланыс орталығы арқылы  1414 қысқа нөмірі бойынша бүгін, әзірге 1,2 топтағы мүгедектер ғана үйде өтінішті ресімдей алады. Бірақ жуық арада осы тізімге ҰОС ардагерлері енгізілетін болады.