Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Тұрмыстағы өрт қауіпсіздік шаралары туралы ЖАДНАМА

Тұрғын үйлер, пәтерлер, гараждарда өртті болдырмау мақсатында келесі ережелерді сақтау қажет:

- жанып жатқан пештерді, жанып тұрған примус, керосинкаларды, токқа қосылған электр үтіктерді, газ плиталарды қараусыз қалдыруға және кішкентай балаларға олардың қарауын тапсыруға болмайды;  

- бір розеткаға бірнеше электр приборды қосуға, электр сымды шегеге ұстатуға, оны түсқағазбен жабыстыруға болмайды, электр щиттерде қолдан жасалған сақтандырғыштарды қолдануға, электр шамды қағаз немесе матамен орауға болмайды;

- жұмыс істемейтін газ плита, электр приборлар, электр ажыратқыш, штепсель розеткаларын пайдалануға болмайды;

- қора, гараж, подвал, шатырда шылым шегуге және ашық отты пайдалануға болмайды;

- алау жағуға, аулада, ағаш қоршаулар мен қоралардың жанында қоқысты жағуға болмайды;

- балкон, подвалдар, шатырларда жиһаз, киім, жәшік, тез түтанатын және жанғыш заттарды ұстауға болмайды;

- қосалқы шығатын есіктер мен сыртқы өрт сөндіру сатысына жолдар ашық болу керек;

- қосалқы есіктерді бітеп жабуға, сатылы алаңда қойма жасауға болмайды;

- пәтер ішінде мопед, мотоцикл, жағар-жанармай материалдарын, авторезеңке, ашық ыдыстағы лактар мен бояуларды сақтауға болмайды;

- пәтер, қора, подвалдарда өз бетімен электр сымдарды құрастыруға болмайды.

Отпен абай болыңыздар!

Сіріңке мен сөндірілмеген темекі қалдығын жерге тастамаңыздар!

Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар!

Үйден шығар алдында электр приборларды сөндіріңіздер!

Егер Сіздің пәтеріңізде өрт болса;

-101 телефоны бойынша өрт сөндіру күзетіне жылдам хабарлаңыз;

- қолдағы бар құралдармен өртті сөндіруге кірісіңіз. Егер өртті өз күшіңізбен сөндіре алмасаңыз, пәтерден шығыңыз, ескіті жай жауып, бұл жерден кетіңіз.

Егер өрт Сіздің пәтеріңізден тыс жерде болса;

- 101 телефоны бойынша өрт сөндіру күзетіне жылдам хабарлаңыз;

- пәтеріңіздің терезелері мен есігін жауып, шығып кетіңіз;

- егер коридор мен сатылы алаң түтін болса, пәтерде қалып, тезелерді ашып тастаңыз. Жабық және тығыздалған есік Сізді өрттен көп уақыт қорғайды. Түтінмен уланбау үшін барлық тесік, желдеткіш тесіктерін суланған орамалдармен қымтаңыз да терезенің жанына келіп көмек сұраңыз.

ЕСТЕРІҢІЗДЕ БОЛСЫН!

Өрт қауіпсіздік ережелерін үнемі сақтай отыра Сіз өзіңізді және басқа адамдарды өрттен сақтайсыз!

Екібастұз қаласы МӨББ