Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Балаларға өрттен-құтқарушы маман туралы

От балаларды өзіне тартып, еліктіреді. Жарқыраған от ұшқындарына еліккен олар, отқа ұмтылады..... бірақ балалар оттың  зұлымдылығы мен мейірімсіздігімен  біле қоймайды. Отпен ойнау қандай да бір жайсыз оқиғаға әкеліп соқтыруы мүмкін.

         Балаларды  отпен абай болуға үйрету және  оларды оттан қалай қорғау керек деген сұрақ туындайды? Неше жастан бастап балаларға отпен ойнау өте қауіпті жайлы әңгіме айтып көрсетіп, түсіндіру қажет? Әрине мектеп жасқа дейін. Мектепке дейінгі бүлдіршіндерге өртке қарсы үгіт насихат жұмыстары, тәрбие мен білім беру ең маңызды бағыт болып табылады.

         Осыған байланысты «Екібастұз қаласы әкімдігі білім бөлімінің №1 Ромашка бөбектер бақшасы дамыту орталығы» КМҚК  зерттеу жобасына қорғау  жұмыстарын жүргізу кезінде «Өрт қызметінің тарихы» тақырыбын таңдап алған.

Бұл жобаны дайындау барысында, өрт қызметіне қатысты құжаттар мен фотоматериалдар дайындалған, сонымен бірге Екібастұз қаласының 14-мамандандырылған өрт бөліміне  ұжымдық сапар ұйымдастырылып жүргізілді, саяхат кезінде өрт сөндірушілер балаларға өрт қауіпсіздігі жайында адамдарды өрттен құтқару кезінде батылдық танытқан қызметшілер жөнінде әңгімеледі  балалар мұқият тыңдап өздеріне қажетті сабақ алды. Өткізілген  әңгіме балалардың  өрт сөндірушілерге деген құрметін, олардың жұмыстарына қызығушылығын арттыра түсірді. Сонымен қатар мамандар  оттан абай болу керектігі жайында, өрт болған кезде қандай іс-қимыл жасау керектігін үйретті.

         Мектепке дейінгі бүлдіршіндер, диспетчерлік өрт  бөліміне түсетін дабыл  орнында да болды.

         Балалар өрт сөндіретін көліктермен, авариялық-құтқару құралдарымен өрт сөндіру жабдықтарымен танысып ақпарат алды. Сонымен қатар  балаларға, өрт сөндіру қызметінде, қызмет атқару  кезінде қаза  тапқан қызметкерлердің С.Н.Мосиннің, Р.Р.Зинатулинның  мемориалы көрсетілді.

         Балалар сондай-ақ өрт  жабдықтарын қолдарымен ұстап бас киімдерін (каска) киіп көрді .

         Одан кейін, балаларға өрт туралы хабар түсіп дабыл соғылғаннан кейінгі іс-қимыл көсетілді, өрт қызметшілері тез арада өздерінің арнайы қорғау киімдерін киіп өрт сөндіруге шығуға дайын болған әрекетерін іс-жүзінде көрсетті.

Бұл сапар балалар үшін өте әсерлі өтті.

Екібастұз қаласы ТЖБ МӨҚБ-нің

 бас инженері ө/қ қызмет майоры Рогожина Е. С.,

Екібастұз қаласы ТЖБ МӨҚБ-нің инженері

 ө/қ қызмет аға  лейтенанті Алимов А.К.