kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

Саябақтарды өрттен қалай қорғау керек

Қапырық ауа,  жасыл шөптің көптеп өсуі, біздің ауданымыздың табиғи сипаты, бұл үлкен көлемдегі дала өртінің тез жайылуына себеп болады. Дала өртінің жылдамдығы сағатына 20-30 км. дейін жетуі мүмкін.   

Саябақ  қоғамдары өрт қауіпсіздігінің ережелерін сақтамағандықтан, атап айтсақ жел болған мезгілде шөптерді өртеу және т.б., салдарынан  өрт жағдайлары орын алатынын, өрттерді талдау нәтижелері көрсетті.

         Бірнеше рет өрт қауіпсіздігінің шаралары туралы алдын алу және  ескертуге, радио мен телеарнада сөз сөйлеу және газеттерде мақалаларды жариялағанға қарамастан өрттер жалғасуда.  Сондай, 2014 жылы саябақ қоғамдарында 19 өрт тіркелді: с/қ «Весна»-1, с/қ «Ягодка» - 7, с/қ «Союз» -  5, с/қ  «Сад  горняк» - 3, с/қ «Коктем»-1, с/қ  «Энергостроитель» -  1, с/қ «Строитель» - 1.

Саябақ учаскелерінде үзілді-кесілді келесі тыйымның салынатынын естеріңізге салғымыз келеді: 

-  құрғақ шөпті өртеуге;

- құрылысқа жақын жерде от жағу және қоқыстарды өртеу;

-  тез өртенетін және жанар-жағар май сұйықтарының ыдыстарын, сұйылтылған газ баллондарын ашық жерлерде қалдыру;  

-  отын қалдықтарының үйінділерін жасауға.

Су көздеріне баратын жолдар, өтетін жерлер бос болу керек және жұмыс күйінде болу қажет. 

Жағуға жарамды пештерді ғана пайдаланыңыз. 

Учаске (квартал) арасындағы өртке қарсы алшақтықтарға үйінді жасамаңыз.    

 

Әр учаскеде өрт сөндірудің алғашқы құрал-жабдықтары болу қажет (бөшкемен су, өрт сөндіргіш құрал).  

ӨРТ ОРЫН АЛҒАН ЖАҒДАЙДА:  

  • өрт туралы өртке қарсы қызметіне дереу "101", «112» телефонына хабарласыңыз, ұялы телефоннан ақысыз
  • Өрт сөдіру қызметі келгенше, адамдарды қауіпсіз жерге көшіру шараларын орындаңыз және қолда бар құралдармен өртті сөндіру шараларын жасаңыз
  • өрт сөндіру құрылымымен кездесуді ұйымдастырып, өрт орнына апарыңыз 

ҚҰРМЕТТІ БАУ-БАҚША ИЕЛЕРІ!

Өрт қауіпсіздігінің талаптарын орындасаңыз - Сіздің учаскеде өртке жол берілмейді және Сіздің көршілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

    

Екібастұз қ. ТЖБ МӨББ

аға инженері

ө/қ қызмет майоры                                                                Рогожина Е.С.

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза