Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



ХАБАРЛАНДЫРУ «Қазақстанда іске асырылатын үздік әлеуметтік жобалар» атты жыл сайынғы Республикалық көрмесін өткізу туралы

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің бастамасымен «Қазақстанда іске асырылатын үздік әлеуметтік жобалар» атты жыл сайынғы Республикалық көрмесін өткізіледі.

Үздік әлеуметтік жобалар көрмесінің мақсаты мен міндеті мүмкіндігі шектеулі адамдар мен жеке санаттағы азматтардың өмір сүру сапасын жақсарту және кәсіби кешенді көмекті жүзеге асыру және ұйымдастыру болып табылады.

Іс-шара мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға, қоғамдық бірлестіктерге қолдау көрсету мақсатында, кәсіби кешенді көмекті іске асыру үшін және   халықтың әлеуметтік осал топтарының өмір сапасын жақсарту мақсатында әзірленген және  ұсыным сипатында.

Осыған байланысты Республикалық көрмеге қатысу мүмкіндігін қарастыруды ұсынамыз және «Қазақстанда іске асырылатын үздік әлеуметтік жобаларды» іріктеу бойынша іс-шараларды өткізуге әдістемелік ұсынымды жіберіп отырмыз.

 

«Қазақстанда іске асырылатын үздік әлеуметтік жобалар» бойынша іріктеуді өткізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар

Әдістемелік ұстанымдар жергілікті атқарушы органдармен өңірлік деңгейде «Қазақстанда іске асырылатын үздік әлеуметтік жобалар» (бұдан әрі – іс-шаралар) бойынша іріктеуді ұйымдастыру және өткізу іс-шаралар тәртібін реттейді.

Іс-шаралар мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, қоғамдық бірлестіктерге көмек көрсету, халықтың әлеуметтік осал топтарының өмірлік деңгейін көтеру мақсатында әзірленді және ұсынымдық сипатқа ие.  

 

1. Іс-шараны ұйымдастырушы

 

1. Іс-шараны республикалық деңгейде ұйымдастырушы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) болып табылады, өңірлік деңгейде облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары (бұдан әрі - Басқарма) жүзеге асырады.

2. Өңірлік деңгейде іріктеу турын өткізу жөніндегі жұмысты үйлестіру үшін жергілікті атқарушы органдар үздік әлеуметтік жобаларды іріктеу бойынша Комиссия құрады.

3. Әлеуметтік жобаларды іріктеу бойынша Комиссия құрамына «Нұр Отан» партиясы филиалдарының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, Үйлестіру кеңесінің мүшелері, өңірлік ұлттық кәсіпкерлер палатасы филиалдарының өкілдері, әкімдердің мүмкіндігі шектеулі азаматтар мәселелерімен айналысатын кеңесшілері және басқа да ынталы адамдар қосыла алады.

 

2. Іс-шараны өткізу тәртібі

 

1. Өңірлік деңгейде әлеуметтік жобаларды іріктеу ағымдағы жылдың
1 маусымынан бастап 15 қыркүйекке дейінгі кезеңінде Комиссиямен жүргізіледі.

2. Аталған іс-шараларда қаржыландыру көздеріне қарамастан халықты әлеуметтік қорғау жүйесінде қызмет атқарып отырған қоғамдық бірлестіктер, мүгедектердің қоғамдық ұйымдары, басқа мекемелер, ведомстволар, жеке тұлғалар және басқа да үкіметтік емес ұйымдар қатыса алады (бұдан әрі - Қатысушылар).

3. Жергілікті атқарушы органдар өңірлік ұлттық кәсіпкерлер палатасы филиалдарымен бірлесіп жұмыс берушілер қатарынан Астана қаласына республикалық көрмеге алып жүру үшін демеушілерді тарта алады.

4. Комиссия әлеуметтік жобаларды іріктеуді келесі критериялар бойынша жүргізе алады:

1) жобаның әлеуметтік маңыздылығы;

2) жобаның уәжді негіздемесі;

3) жобаны тәжірибелік іске асырудан оң нәтижелердің, жоба

шеңберінде өмірлік қиын жағдайда жүрген халықтың әлеуметтік

көмекпен және қолдаумен қамтылуы;

4) жобаны презентациялаудың сапасы;

5) 1 жылдан астам мерзімде жүзеге асырылған жобалар;

6) қатысушылардың жас аралықтары шектелмеген;

7) жобалар презентациясы слайд немесе ролик түрінде көрсетілуі мүмкін (роликтің ұзақтығы 4-5 минут және сөз сөйлеу 3 минуттан кем болмауы керек);

8) 2013 жылы республикалық көрмеге қатысқан жобалар қайталап қаралмайды.

5. Қажеттілік туындаған кезде Комиссия мүшелері «Қазақстанда іске асырылатын үздік әлеуметтік жобаларды» іріктеу критерияларына түзетулер енгізе алады.

6. Іріктеу турына қатысуға өтінім қосымшадағы нысан бойынша
(№ 1 қосымша) өңірлік деңгейде өткізілетін іріктеу турының басталған уақытынан бастап ұсыныла алады.

7. Қатысушылардың қолына жобаның толық материалдарының қабылданғаны туралы түбіртек берілуі мүмкін.

8. Жоғарыда аталған критериялар тәртібін сақтамаған жағдайда Комиссия қатысушыларға ұсынылған материалдарды кері қайтарып беруі мүмкін.

9. Жобаларды іріктеу кезінде таласты сұрақтар туындаған жағдайда Комиссия төрағасының шешімі басымды құқыққа ие болуы мүмкін.

10. Комиссиямен іріктеп алынған жобалар материалдары ағымдағы жылдың 15 қыркүйегіне Министрлікке республикалық көрмеге жолданады.

11. Қосымша ақпараттарды алу және ұсыну үшін М.Жүсіп көшесі 87А, мекенжайында орналасқан «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» ММ  каб.№16, тел.8(7187)770155, сонымен қатар Павлодар областын жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына, тел. 8(7182)322475, 325001 хабарласуларыңыз қажет. 

 

 

«Қазақстанда іске асырылатын үздік әлеуметтік жобаларды» іріктеу бойынша әдістемелік ұсынымдарға

1-қосымша

 

Әлеуметтік жобаларды іріктеу бойынша іс-шараға қатысу үшін өтінім

 

1.

Әлеуметтік жобаның авторы

 

2.

Әлеуметтік жобаның атауы

 

3.

Жобалардың өңірлерде іске асырылған кезеңі

 

4.

Жобаның мақсаты

 

5.

Қысқаша түсініктеме

 

6.

Жобамен қамтылған адамдар санаты және саны

 

7.

Қаржыландыру көздері

(мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, тартылған қаржылар)

 

8.

Қол жеткізілген нәтижесі

(оңалтудан өткен, жұмысқа орналастырылған және т.б.)

 

9.

Қосымша ақпарат (телефон, факс, e-mail)

 

Өтінімге мынадай құжаттар қоса берілді:

-  қатысушылардың логотиптері;

- слайдтар және DVD форматтағы роликтер.