kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

Балалар қаласы

1 мамыр  Халықаралық  балаларды қорғау күні  «Өнер» қалалық мәдениет орталығының  алаңында  қаланың көркемөнер ұжымдарының  қатысуымен «Балалар қаласы» атты концерттік бағдарлама өтті.  Бағдарлама  барысында өнерпаз балалар ән айтып, би биледі, қызықты ойындардың ұйытқысы болды. Өнерлі, белсенді балаларға  бойшаң  қуыршықтар мен ертегі кейіпкерлері көмек көрсетіп, думанның сәнін келтірді.

         Бұдан соң «Бұл суретті салған мен» атты асфальтқа сурет салудан байқау, «Кемпірқосақ кереметі» атты саусақпен сурет салу акциясы балаларды тіпті  қызыққа кенелтті. «Тілек  ағашы» ойынында балалар өз армандары мен тілектерін қағазға жазып, «тілек ағашына» ілді.

         Қызықты, танымды концерттік бағдарлама  «Степ ФО» спорттық балдық  би клубының жоғары деңгейде өнер көрсетуімен аяқталды.

 

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза