Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Саяси –қуғын сүргін құрбандарын еске алу

31 мамырда Саяси–қуғын сүргін құрбандарын еске  алу күні «Шахтер» саябағында азалы митинг болды. Зұлмат заман  құрбандарына қойылған ескерткіш басына жиналған жұртшылық өкілдері мен студент жастар  алдында  «Нұр Отан» партиясы» қоғамдық бірлестігінің Екібастұз қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Самат Рамазанов, қалалық мешіттің наиб имамы Дастан Смагулов, православтік шіркеу қызметкері Сергии әкей, қалалық өлкетану музейінің директоры Нағима Смаилова сөз сөйлеп, қуғын-сүргін  жылдар ақиқатын ақтарып, енді оның қайталанбауын тіледі. Бір минуттік үнсіздік жарияланып, азалы митингке  жиналған қауым саяси-қуғын сүргін құрбандарын еске алып, ескерткіш түбіне гүл шоқтарын қойды.