Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Қала әкімі жас екібастұздықтарды Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады

Бүгін қала әкімі Александр Вербняк жас екібастұздықтарды Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтап, «Екібастұз» балалар қорымен өткізілетін дәстүрлі жыл сайынғы «Қайырымдылық жасауға асық» марафонына қатысты.

- Қаланың жас тұрғындары өз Отанының нағыз патриоты болып өссін, бізді оқудағы табыстарымен, зияткерлік, шығармашылық және спорттық  жетістіктерімен қуанта берсін! Баршаңызға зор денсаулық, бейбіт аспан, кұт-береке, балаларға  жайдары жаз сыйлаған жарқын сәттер тілеймін, - деді қала басшысы.

Қала әкімі марафон жинақ сандықшасына/копилкасына үлесін қосып, «Сәулетай - 2015» балалар шығармашылық фестивалінің салтанатты марапаттау рәсімін бастады. Бас жүлденің иегері № 6 «Золотая рыбка» балабақшасының ұжымы атанды.   

Шығармашалақ байқаудың қорытындысы бойынша бірінші орынды № 1 «Ромашка» даму орталығы, № 15 «Бобек» эстетикалық даму орталығы жеңіп алды. Екінші орын № 18 «Гномик», № 20 «Мерей», № 24 «Айналайын» балабақшалары алды. Үшінші орын № 3 «Гнездышко»,  № 2 «Балдырған», № 4 «Березка», № 12 «Арай» балабақшалары, № 23 «Балауса» гимназия-балабақшаларының еншісіне тиді. Сайысқа қатысушылар бақтарын алты номинациялар бойынша сынапты: «Аспапта орындау», «Хореография», «Көркем композиция», «Вокалды топ», «Хор», «Өзіндік жанр». Барлық жеңімпаздарға диплом және бағалы сыйлықтар табыс етілді.

         Қайырымдылық акциясына қала құраушы кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар қатысты, қордың атқарушы директоры Татьяна Шмидтың мәлімдеуінше, көмекке мұқтаж балаларға, жас дарындардың шығармашылық және интеллектуалдық дамуына жұмсалатын жалпы 3,4 млн. теңге жиналыпты.

         Өткен жылы марафон аясында 50-ге жуық жаппай мәдени шаралар өткізілді. Екібастұздықтардың мейірімді жүректерінің арқасында қайырымдылық ұйым 2 мыңнан аса балаға көмек көрсетті. Бұл өмірге қажет зерттеулер, ота жасау, науқас балаларды емдеу. Кішкентай азаматтардың тағдырына немқұрайлы қарамайтын қаланың 114 кәсіпорны, мекемелері және қарапайым адамдары өмірдің қиын жағдайына душар болған балаларға қол ұшын  берді.

Акция әлі де жалғасуда. Қайырымдылық жасауға асығыңыздар!