Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Футболдан аймақтық турнир өткізілді

2015 жылдын 31 мамырында «Шахтер» стадионында балаларды қорғау күніне орай, ауылдық округтер командалары арасында футболдан аймақтық турнир өткізілді.

Ойынға Екібастұз аймағының поселкелік және ауылдық округінен 5 команда қатысты.

Жарыстың қорытындысы бойынша келесі құрама командалары жеңіске жетті:

1-орын – «Солнечный» құрама командасы;

2-орын – «Шідерті» құрама командасы;

3-орын – «Қоянды» құрама командасы;

4-орын – «Ақкөл» құрама командасы;

5-орын – «Төртүй» құрама командасы.