Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Балтиева Адлет Кудайбергенкызы: Шағым!

Мен Б-Жырау 280 А көшесіңде 1999 жылдан бастап тұрамын біздің көшемізде электр жарығы жоқ қыс айларында балалар сабақтан шыққанда сағат бестен кеин таңертеңгі уақытта жүмысқа шыққанда дала тастай қаранғы 2008 2009 жылдары жарық орнатылады деп акиматтан уәде берген 2013 жылы акиматтан тагы уәде берген 2014 2015 жылы құрылады деп тағы бір шағым мен екібастұзға 1992 жылы жолдама арқылы келгем сонда магазин заряның алдындағы қарамақарсы аялдама ешқандай жөндеусіз не отыратын орындық жоқ жанында тұра алмайсың іші қоқысқа толы тағы бір маселе қаланың ішіндегі автобустардың іштері өте нас кір мысалға автобус № 174 ан. бірде № 3 бірде № 9 іші өте КІР! Осы мәселелерді қарап шешуіңізді өтінемін!

Құрметті Әдлет Кұдайбергенқызы!

 

Бұхар Жырау көшесі бойынша Строительный көшесінен Қонаев көшесіне дейін сыртқы жарықтандыруды орнату мәселесі жөніндегі Сіздің өтінішіңізге, келесіні хабарлаймын.

Аталмыш мекенжай бойынша сыртқы жарықтандырудың құрылысы қажет. Ағымдағы жылы сыртқы жарықтандырудың құрылысына қаражат көзделмеген.

Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 12-бабына сәйкес Сіздің қабылданған шешімге арыздануға құқығыңыз бар.

 

«Екібастұз қаласы әкімдігінің

 ТҮКШ, ЖК және АЖБ» ММ

 басшысының м.а.                                                             Е. Көшкімбаев