Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Көрсетілетін қызмет түрлері

 

 Мемлекеттік қызмет атауы

бір қызмет алушының күтуіне барынша рұқсат етілген уақыт

бір қызмет алушыға қызмет көрсетуге барынша рұқсат етілген уақыт

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

«Уәкілетті ұйымнан зейнетақы төлемін тағайындау»

30 минут

30 минут

10 жұмыс күні

«Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау»

30 минут

30 минут

8 жұмыс күні

«Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайына және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау»

30 минут

30 минут

8 жұмыс күні

«Мемлекеттік арнайы жәрдемақы тағайындау»

30 минут

30 минут

8 жұмыс күні

«Әлеуметтік тәуекелдік жағдайына әлеуметтік төлемдер тағайындау: еңбек ету қабілетінен айырылу; асыраушысынан айырылу; жұмысынан айырылу; жүктілігі мен босануын байланысты табысынан айырылу; жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылу; Бала 1 жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша табысынан айырылу»

30 минут

30 минут

8 жұмыс күні

«Баланың тууына және бала күтімі бойынша жәрдемақы тағайындау»

30 минут

30 минут

7 жұмыс күні

«Арнайы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау»

30 минут

30 минут

8 жұмыс күні

«Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, асырап алушыға, қамқоршыға (қорғаншыға) жәрдемақы тағайындау»

20 минут

20 минут

7 жұмыс күні

«Жерлеуге біржолғы төлем тағайындау»

15 минут

15 минут

5 жұмыс күні

 

Қаржыландыру көздері және төлем түрлері

Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың негізгі міндеті зейнетақы және жәрдемақыларды уақытылы төлеу болып табылады. Қаржыландыру Республикалық бюджеттен(бұдан әрі - РБ) және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі - МӘСҚ) жүргізіледі.

Республикалық бюджеттен:

- зейнетақы;

базалық зейнетақы төлемі;

мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар:

· мүгедектiгi бойынша;

· асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша;

· жасына байланысты берiлетiн;

мемлекеттiк арнайы жәрдемақы:

· жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда iстеген тұлғаларға (№1 тізім бойынша);

· еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда iстеген тұлғаларға

( №2 тізім бойынша);

- бала тууына байланысты бiр жолғы жәрдемақы;

- бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты жәрдемақы;

- мүгедек баланы (мүгедек балаларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, ұл бала (қыз бала) асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) мемлекеттік жәрдемақы;

- арнайы мемлекеттiк жәрдемақы:

· Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;

· Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғалар;

· Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердiң жесірлері;

· Қайтыс болған Ұлы Отан соғысы мүгедектері мен мүгедектік тобы бар қатысушыларының әйелдері (ерлері);

· Кеңес Одағының Батырлары, Социалистiк Еңбек Ерлерi, үш дәрежелi Даңқ, үш дәрежелi Еңбек Даңқы ордендерiнiң иегерлерi, "Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы" құрметтi атағына ие болған адамдар;

· Қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары;

· Ұлы Отан соғысы жылдарында ордендермен және медальдармен марапатталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (әскери қызмет өткерген) адамдар;

· ЧАЭС апат салдарын жоюға қатысушылар;

· 1,2,3 топтың мүгедектері, 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар;

· Алтын алқа, Күміс алқа белгісімен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған және 1 және 2 дәрежедегі «Ана даңқы» орденімен марапатталған көп балалы аналар;

· Бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасылар;

· Саяси қуғын-сүргін құрбандары, мүгедек болып қалған немесе зейнеткер болып табылатын саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен адамдар;

· Қазақстан Республикасының алдында ерекше сіңірген еңбегі үшін зейнетақы алатын тұлғалар.

· Жерлеуге арналған бір жолғы төлемақы

2015 жылға әлеуметтік индикаторлар

Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 1 982 теңге мөлшерінде;

Ең төмен зейнетақы (2015 жылы тағайындалатындар үшін) – 23 692 теңге;

Ең төменгі күнкөріс деңгейі (ЕТКД) – 21 364 теңге;

Базалық зейнетақы төлемі – 11 182 теңге;

Жалақының ең төменгі мөлшері – 21 364 теңге.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 қаңтардағы «2015 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан зейнетақы төлемдері мөлшерінің өсуі туралы» №1309 Қаулысына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 28 қарашадағы «2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» № 259-V Заңына сәйкес 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап тағайындалған зейнетақы төлемдері 9 пайызға, мемлекеттік әлеуметтік төлемдер ең төменгі күнкөріс деңгейінің өзгеруіне байланысты өсті. № 1 және № 2 Тізімдер бойынша мемлекеттік арнайы жәрдемақы, баланың тууына бір жолғы мемлекеттік жәрдемақы және бала күтімі бойынша ай сайынғы жәрдемақы мөлшері АЕК-нің (айлық есептік көрсеткіштің) өсуіне байланысты көтерілді. Он сегіз жасқа дейін мүгедек бала (мүгедек балаларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, ұл бала (қыз бала) асырап алушыға, қамқоршыға (қорғаншыға) 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,05* ең төменгі жалақы мөлшерін құрайды.

Зейнетақы төлемдерін есептеу үшін мөлшерін барынша шектеу 41 АЕК (1 982 теңге х 41 = 81 262 теңге).

Базалық зейнетақы төлемінің мөлшері 11 182 теңгені құрайды, облыс бойынша бұндай төлемді 108 143 адам алады.

Баланың тууына байланысты бір жолғы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері өсті - 62 255 теңге, ал төртінші және одан кейінгі бала туған жағдайда - 103 758 теңге.

Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша жәрдемақы мөлшері:

·бірінші балаға –11 417 теңге;

·екінші балаға –13 498 теңге;

·үшінші балаға –15 559 теңге;

·төртінші және одан кейінгі балаларға –17 640 теңге.

МӘСҚ-дан:

әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушы әлеуметтiк тәуекел жағдайлары басталған кезде әлеуметтiк төлемге құқығы бар.

Мiндеттi әлеуметтiк сақтандырудың түрлерi:

- еңбек ету қабiлетiнен айрылу жағдайына;

- асыраушысынан айрылу жағдайына;

- жұмысынан айрылу жағдайына;

- жүктiлiгiне және босануына байланысты табысынан айрылу жағдайына;

- жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айрылу жағдайына;

- бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты табысынан айрылу жағдайына.

2015 жылғы 1 қаңтардан бастап еңбек ету қабілетінен айырылу жағдайына және асыраушысынан айырылу жағдайына тағайындалған әлеуметтік төлемдер мөлшері 7%-ға ұлғайды.

Негіздеме: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 қаңтардағы «2015 жылғы 01 қаңтардан бастап мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдер мөлшерінің өсуі туралы» № 1308 қаулысы.