Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Қала басшысы қалалық ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізді

          26 мамыр күні Екібастұз қаласы әкімдігінің кіші залында қала әкімі  Александр Вербняктың төрағалығымен құқық бұзушылық профилактикасы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қалалық ведомствоаралық комиссияның отырысы өткізілді.

Отырысқа қалалық ведомствоаралық комиссияның мүшелері, қала әкімінің орынбасарлары, әкімдік бөлімдерінің және қаланың мемлекеттік мекемелерінің басшылары қатысты.

Күн тәртібіне сәйкес Екібастұз қаласы  әкімінің орынбасары Айгүл Марданова Екібастұз қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері мен олардың құқықтары жөніндегі комиссияның  жұмысы туралы есеп берді.

Екібастұз қаласы ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары Ерболат Томатаевтың айтуынша,   2015 жылдың 4 айы ішінде Екібастұз аймағында 40  жол-көлік оқиғалары тіркеліпті, оның біреуі қайтыс болыпты. 44 адам жарақаттаныпты.

Қала басшысы отырыс қорытындысы бойынша қаралған мәселелер жөнінде нақты тапсырмалар берді.