Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



2015ж.18.05. бастап 2015ж.24.05. дейінгі кезеңде «Екібастұз қ. ТЖБ жедел-құтқару жасағы» ММ күшімен жүргізілген авариялық-құтқару жұмыстары
  1. 22 сағ. 30 мин баласы саусағына болат сақина киіп алғаны және оны шеше алмайтындығы туралы хабарлаған әйелден қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, тістеуіктің көмегімен сақинаны тістеп алды және саусағынан шешті.
  2. 10  сағ. 05 мин. қоқыс төгуге шыққандығы және желмен пәтерінің есігі жабылып қалғандығы туралы хабарлаған жалғыз тұратын зейнеткерден қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, альпинистік жабдықтың көмегімен үйдің төбесінен 4-қабаттың балконына түсті және сыртқы есікті ішінен ашты.   
  3. 23  сағ. 20 мин. қақпағына дейін суда тұрған жолдың шетіндегі суға толы авта тіркегіш тұрғандығы туралы хабарлаған инспектордан қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, сатының көмегімен тіркегіштің шанағына мінді, люкты ашып зардап шеккендердің бар жоғын тексерді. Автотіркегіште ешкім байқалмады. 

 

 

«ҚР ІІМ ТЖК Павлодар облысы ТЖД Екібастұз қ. ТЖБ ЖҚЖ» ММ қызметкерлерінің заңға қарсы әрекеттері жағдайында сенім телефондарына хабрлауларыңызды сұраймыз  22-21-10, 34-03-67, 8(7182) 53-69-82

 

 

«ҚР ІІМ ТЖК Павлодар облысы ТЖД

Екібастұз қ. ТЖБ жедел-құтқару жасағы»

ММ 2-құтқару бөлімшесінің басшысы                   Жумагожин Б.К.