Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



«Қатты өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтар жинағышында (полигон) қосымша карталар құрылысы» жұмыс жобасына қоршаған ортаның келтіретін әсерін бағалаудың нәтижелері туралы бойынша қоғамдық тыңдаулар хаттамасы

Өткізілген күн: 2015 жылдың 11 наурызы, сағат 11:30

Өткізілген жері: Екібастұз қаласы, «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС.

Қоғамдық тыңдауларды ұйымдастырған: «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС.

Қоғамдық тыңдаулар өткізілетіндігі туралы ақпарат жұртшылыққа хабардар етілген тәсіл: 26.02.2015 ж, № 8 (3070) «Екібастұз дауысы» қалалық газетінде және Екібастұз қ. әкімдігінің ресми ғаламтор ресурсында  www.ekibastuz.gov.kz. хабарландыру жариялау.

Қатысқандар:

- «Экологический центр-PV» ЖШС директорының орынбасары - Короткова Ю.В.,

- НТЦ «Прогресс» ЖШС инженер-технолог, жұмыс жобасын әзірлеуші - Лим Е.А.,

- «ТКШ бөлімі» ММ бас маманы - Дүйсекенова С.К.

- «ЭГУ по ЗПП Д по ЗПП ПО» РММ бас маманы - Иментаев Қ.К.

- ЕЭД мемлекеттік инспектор - Сүлейменов С.С.

- «Экология әлемі» ҚБ төрағасының орынбасары - Оразалинов Е.И.

- «Қоршаған ортаны қорғау» қоғамдық бірлестігі басқармасының төрағасы - Әбенов Б.Ж.

- «Қоршаған ортаны қорғау» қоғамдық бірлестігі басқармасының мүшелері -  Мұсин Ш.Ш., Сыздықов М.Т., Усенко В.М.

- Барлығы қатысқан -  26 адам (1-қосымша)

 

Қоғамдық тыңдаулардың күн тәртібі:

 

  1. Қатты өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтар жинағышының (полигон) құрылысы, пайдалануы және рекультивациялануы бойынша шешімдер туралы баяндама– 15 мин.
  2. «Қатты өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтар жинағышында (полигон) қосымша карталар құрылысы» жұмыс жобасына «Қоршаған ортаны қорғау» бөлімі бойынша баяндама – 20 мин.
  3. Жобаны талқылау, баяндама жасаушыларға сауалдар қою, сұрақтарға жауап беру – әр талқылауға 5 мин.

 

Сөз сөйлегендер:

  1. Рехтикова Н.П. «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС-ң қоршаған ортаны қорғау бөлімінің бастығы қоғамдық тыңдауға қатысушыларды қошеметтеп қарсы алды. Қоғамдық тыңдауларды ресми ашуға «ТКШ бөлімі» ММ бас маманы - С.К.Дүйсекеноваға сөз берді.  
  2. Дүйсекенова С.К. күн тәртібін жариялады және баяндамалардың регламентін талқылауды талқылауды ұсынды. Қоғамдық талқылаудың рәсімдерін сақтау үшін осы қоғамдық тыңдаулардың. Төрағасы мен хатшысын таңдап алу қажеттігін айтты. Төрағаға «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС-ң бас инженері А.С.Черепениннің кандидатурасын ұсынды, хатшы ретінде қоршаған орта инженері Қ.С.Алтыбасарованың кандидатурасын ұсынды.

 

Қатысып отырғандар бұл ұсынысты қабылдады.

 

Черепенин А.С.: НТЦ «Прогресс» ЖШС-ң инженер-технологы жұмыс жобасын әзірлеуші Лим Елена Александровнаға сөз берді.

 

Лим Е.А.: өнеркәсіптік және қатты тұрмыстық қалдықтар жинағышының (полигон) құрылысы, пайдалану және рекультивациялау жобасы бойынша баяндамасын оқыды.

 

Черепенин А.С.: «Экологический центр-PV» ЖШС директорының орынбасары Короткова Юлия Валериевнаға сөз берді.

 

Короткова Ю.В.: «Қатты өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтар жинағышында (полигон) қосымша карталар құрылысы» жұмыс жобасына «Қоршаған ортаны қорғау» бөлімі бойынша баяндамасымен сөз сөйледі.

 

Көпшіліктің сұрақтары, ұсыныстары және ескертпелері:

 

Сұрақ: Әбенов Б.Ж., «Қоршаған ортаны қорғау» қоғамдық бірлестігінің өкілі

 

Жинақтағыш құрылысына бөлінген алаңнан құнарлы топырақтың қабаты алынады, ол қайда пайдаланылатын болады?

 

Жауап: Лим Е.А., НТЦ «Прогресс» НТЦ ЖШС инженер-технологы

 

Құнарлы топырақты жалпы көлемі 19560 м3 . Бұл ретте 4761 м3 полигон құрылысына бөлінген көлем жинақтағыштың айналасында бұталар отырғызар алдында құнарлы топырақты даярлағанда жобаланатын нысанда қолданылатын болады, қалған көлемі 14799 м3  рекультивациялауға қолдану үшін станция күл үйіндісінің аумағына апарылады.

 

Сұрақ: Сыздықов М.Т., «Қоршаған ортаны қорғау» қоғамдық бірлестігінің өкілі

 

Қатты өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтар жинағышында (полигон) қосымша карталар саны қанша?

 

Жауап: «Экологический центр-PV» ЖШС директорының орынбасары - Короткова Ю.В.

 

Жинақтағыш 10 картадан құралады, соның: №№ 1,6,7 – қауіптіліктің қызыл түсті деңгейін көрсететін өнеркәсіптік қалдықтарды көмуге арналады, № 2 – қауіптіліктің кәріптас түсті деңгейін көрсететін өнеркәсіптік қалдықтарды көмуге арналады, №№ 3,4,5,8,9 – қауіптіліктің жасыл түсті деңгейін көрсететін өнеркәсіптік қалдықтарды және ҚТҚ көмуге арналады, № 10 – қауіптіліктің жасыл түсті деңгейін көрсететін өнеркәсіптік қалдықтарды көму картасы.

 

Сұрақ: - «Экология әлемі» ҚБ төрағасының орынбасары - Оразалинов Е.И.

 

Жинақтағыштың рекультивациясы қалай жүреді?

 

Жауап: «Экологический центр-PV» ЖШС директорының орынбасары - Короткова Ю.В.

 

Жинақтағыштың рекультивациясы екі кезеңнен тұрады: техникалық және биологиялық. Жинақтағышты рекультивациялануының техникалық кезеңі мынадай жұмыстарды қамтиды:

1.   Полигонның жабық картасын тұрақтандыру процесінде пайда болған ойыстар мен шұңқырларды тегістеу жолымен полигонның сыртқы жақтауларын нығайту.

2.   Полигонның жоспарлануын орындау үшін топырақпен жабу.

3.   Демалыс орны және шаңғы белестері үшін ландшафттық тау ретінде қолдану үшін 25 пайыздан аспайтын жоспарлы полигон аумағының жақтауларын жасай отырып рекультивацияланатын аймақты мұқият жоспарлау.

4.   Жоспарланған аумаққа қалыңдығы 20 см топырақты-өсімдікті қабат төсеу.

5.   Құнарлы топырақтың қабатын жоспарлау.

6. Желдің эррозиясынан қорғау үшін қалпына келтірілетін жер бедерінің барлығында топырақты катоктармен нығыздап батыру. 

7. Қақпаларды, есіктерді, қоршауларды және темірбетон қоршауларды демонтаждау.  

Рекультивациялаудың биологиялық кезеңі 3 жылға жалғасады әрі мынадай жұмыстарды қамтиды:

- топырақты егуге дайындау;

- тыңайтқыштары бар шөптер себу;

- 3 жыл бойы маусымда екі мәрте суғарып отыру.

 

Сұрақ: Әлімбаев Е.А., «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС-ң метрология және стандарттау жөніндегі жетекші инженері

 

Қатты өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтар жинағышында қандай қалдықтар қордаланады?

 

Ответ: «Экологический центр-PV» ЖШС директорының орынбасары - Короткова Ю.В.

 

Жинақтағышқа тек қана «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС-ң қызметі барысында пайда болатын қатты қалдықтар қордаланады. №№ 1, 6, 7 карталарда асбестқұрамды бұйымдардың қалдықтары секілді қауіптіліктің қызыл түсті деңгейіндегі өнеркәсіптік қалдықтар орналастырылады. №2 картаға ДКМ қаптамалық ыдыстары, майұстағыштардың ластанған сүзгілегіш аспаптары, мұнай өнімдерімен ластанған материалдар, пайдаланылып болған шпалдар мен шпалдық қиқымдары, пайдаланылып болған қуат беру элементтері, компьютерлік техника қалдықтары, сіңірімдеу лагының қалдықтары, сіңірілген қағаз бен картонның қалдықтары, резервуарларды тазалаудан қалған қалдықтар, пайдаланылған силикагель, жауындық канализация шламдары, майлау-салқындату сұйықтығының шламы сияқты кәріптас түсті өнеркәсіптік қалдықтар орналастырылады. №10 картасына керамика және фарфордың сынған шынылары, шынының сынықтары, тозған арнаулы киім-кешектер, БНС қойртпақ шламдары, жер қыртысын аршу қалдықтары, электр жабдықтарын жөндеу қалдықтары, ағаштың күлі, резеңке техникалық бұйымдардың қалдықтары сияқты қауіптіліктің жасыл түсті өнеркәсіптік қалдықтары орналастырылады. №№ 3, 4, 5, 8, 9 карталарға күл шлактары, ағаш қалдықтары, абразивті шеңберлердің сынықтары, пайдаланылған химсутазалау картридждері, қағаз және картон қалдықтары, жапырақтардың, қырқылған шөптің қалдықтары, пластмасса қалдықтары, жылуоқшаулау қалдықтары, құрылыс қалдықтары және басқалары секілді  қауіптіліктің жасыл түсті өнеркәсіптік қалдықтары орналастырылады.

Сұрақ: Мақашев Б.А., «Қоршаған ортаны қорғау» қоғамдық бірлестігінің өкілі

Жинақтағыштың алаңы, оның сыйымдылығы мен қызмет ету мерзімі қандай?

Жауап: Лим Е.А., НТЦ «Прогресс» ЖШС-ң инженер-технологы

Жинақтағыштың алаңы жақтарының пішіні 200х500 м болатын солтүстік-батыстан оңтүтік-шығысқа бағытталған тікбұрышты нысанды болып келген. Қалдықтар көлеміне қарай жинақтағыштың сыйымдылығы – 4 868,2 т/жыл (9 176 м3/жыл). Жинақтағыштың есептемелік қызмет ету мерзімі  14 жылды құрайды.

Талқылаудың қорытындысы бойынша негізгі түйіндер:

Черепенин А.С.: Қорытынды жасап, қоғамдық тыңдауларды өткізу қағидаларына сәйкес мерзімдерде хаттама әзірленіп, www.ojkh.gov.kz интернет ресурсында жарияланатын боладындығын айтты. Ескертпелер мен ұсыныстар 7 күнтізбелік күннің ішінде қабылданатын болады. Барлық қатысушыларды белсенділіктері үшін алғыс білдірді. Қоғамдық тыңдауларды өткізілген деп тану туралы ұсыныс жасады, «Қатты өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтар жинағышында (полигон) қосымша карталар құрылысы» жұмыс жобасына «Қоршаған ортаны қорғау» бөлімі бойынша ұсынылған жобалық ұсыныстарды мақұлдауды сұрады.

Қоғамдық тыңдаулардың төрағасы: 

 

Бас инженер                                                           Черепенин. А.С.

Қоғамдық тыңдаулардың хатшысы:  

Алтыбасарова Қ.С.         


 

№1-қосымша

 

«Қатты өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтар жинағышында (полигон) қосымша карталар құрылысы» жұмыс жобасына қоршаған ортаның келтіретін әсерін бағалаудың нәтижелері туралы бойынша қоғамдық тыңдауларға қатысушылар

 

  1. Черепенин А.С. –ГРЭС-1 бас инженері
  2. Короткова Ю.В. – «Экологический центр-PV» ЖШС директорының орынбасары;
  3. Лим Е.А. - НТЦ «Прогресс» НТЦ ЖШС-ң инженер-технологы;
  4. Дешнер Н.И. – «Экологический центр-PV» ЖШС директоры;
  5. Дюйсекенова С.К. - «ТКШ бөлімі» ММ бас маманы;
  6. Иментаев К.К. - «ЭГУ по ЗПП Д по ЗПП ПО» РММ бас маманы;
  7. Сүлейменов С.С. - ИДЭ мемлекеттік инспекторы;
  8. Әбенов Б.Ж. – «Қоршаған ортаны қорғау» ҚБ басқармасының төрағасы;
  9. Мұсин Ш.Ш. – «Қоршаған ортаны қорғау» қоғамдық бірлестігінің өкілі;

10. Сыздықов М.Т. – «Қоршаған ортаны қорғау» қоғамдық бірлестігінің өкілі;

11. Усенко В.М. – «Қоршаған ортаны қорғау» қоғамдық бірлестігінің өкілі;

12. Мақашев Б.А. – «Қоршаған ортаны қорғау» қоғамдық бірлестігінің өкілі;

13. Әлімбаев Е.А. – Метрология және стандарттау жөніндегі жетекші инженер;

14. - «Экология әлемі» ҚБ төрағасының орынбасары - Оразалинов Е.И.

15. Трухов А.А. – «ҚНЖЖ» цехының инженері;

16. Кадырбекова А. – ӨТБ инженері;

17. Елубаева Г.В. – құжаттама бойынша техник;

18. Яичникова Г. – АРБ бөлімі;

19. Чигвинцева Т.А. - АРБ бөлімі;

20. Новоселова А.С. – «Богатырь Көмір» ЖШС ҚОҚ инженері

21. Рахметов А.А. – ЭҚП жетекші инженері;

22. Қайралапова Б.А. - техник;

23. Шишлова М.А.- АҚ және ТЖ ҚҚ жетекші инженері;

24. Ярошенко О.В. - «Богатырь Көмір» ЖШС ҚОҚ жетекші инженері

25. Рехтикова Н.П. – ҚОҚ бөлімінің бастығы;

26. Павлова Т.Н. - Жетекші инженер

27. Алтыбасарова Қ.С. – ҚОҚ инженері.