Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұз қаласының ішкі істер басқармасы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Павлодар облысы ІІД Екібастұз қаласының Ішкі істер басқармасы» ММ

                                                                                                                                                               

Екібастұз қаласының ІІБ бастығы   

 

Жүсіпов Абай Қуатбайұлы 1978 жылы Қызыл - Орда облысында дүниеге келген. Білімі - жоғары, 2000 жылы Тараз қаласының мемлекеттік университетін, 2002 жылы Алматы қаласының Қазақ гуманитарлық–заң институтын тәмамдаған. Полиция подполковнигі.

     Өз қызметін ҚР ІІМ құрылымында 2003 жылдан бастап Алматы қаласының Алмалық ІІБ жанындағы криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі, аға жедел уәкілі лауазымында қызмет атқарды.   

     2005 жылғы желтоқсаннан – Алматы қаласының ІІД ҰҚҚКБ жедел уәкілі;

         2007 жылғы қыркүйектен бастап – Алматы қаласының ІІБ Турксиб криминалдық полиция бөлімі бастығының орынбасары;

         2008 жылғы тамыздан бастап – ҚР ІІМ Криминалдық полиция комитеті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жөнідегі Онтүстік аумақтық басқармасының аға жедел уәкілі; 

     2011жылғы ақпаннан бастап – Жамбыл облысы ІІД Меркен ҚІІБ бастығының орынбасары, Жамбыл облысы ІІД Меркен ҚІІБ бастығы; 

     2013 жылғы қаңтардан бастап –  Алматы қаласының ІІД ҰҚҚКБ қылмыстық топтары және қоғамдастықтарымен әзірлеме жұмысын жүргізу  бөлімінің бастығы;

     2013 жылғы желтоқсаннан бастап 2014 жылға дейін – Көліктегі ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жөніндегі басқармасының аса қауіпті қылмыстарды ашу бойынша бөлімінің бастығы;

     2014 жылғы 26 қыркүйекте Ішкі істер министрінің бұйрығымен Павлодар облысы ІІД Екібастұз қаласының ІІБ бастығы лауазымына тағайындалды.

  

Мекенжайы: 141206, Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Мәшһүр Жүсіп көшесі, 95

Электрондық адресі: 750525uvd@mail.ru

Телефон-факс:  8 (718 7) 75-05-95, ІІБ кеңсесі:  8 (718 7)75-05-25

Азаматтарды жеке қабылдау – апта сайын  сәрсенбі сағат 15.00-ден 18.00-ге дейін.

  

ІІБ бастығының кадр жұмысы    

жөніндегі орынбасары

        

      Томатаев Ербулат Тұрарұлы  1971 жылы Шығыс-Қазақстан облысында дүниеге келген.  Білімі - жоғары, 2003 жылы Павлодар қаласының мемлекеттік университетін тәмамдаған.  Полиция подполковнигі.

     Өз қызметін ҚР ІІМ-нің құрылымында  1993 жылы Екібастұз ҚІІБ МАИБ ЖПҚ моторландырылған взвод инспекторы, Павлодар облысы ІІД жол полициясы жеке батальоны арнайы взводының жол полиция аға инспекторы лауазымынан бастады.

     2009 жылы Екібастұз қаласының ІІБ кадр жұмысы бөлімшесінің ЖҚД жөніндегі инспекторы, аға инспекторы лауазымына тағайындалды.

     2012-2013 жылдары - Екібастұз қаласының ІІБ штаб бастығы.

     2013-2014 жылдары – Павлодар облысы ІІД кадр жұмысы басқармасы бастығының орынбасары.

       2014 жылғы шілдеден бастап қазіргі уақытқа дейін – Екібастұз қаласының ІІБ бастығының кадр жұмысы жөніндегі орынбасары.

 

Мекенжайы:  Екібастұз қаласы, Мәшһүр Жүсіп көшесі, 99

Телефон:  8 (718 7) 77-13-26,  75-05-35

Азаматтарды жеке қабылдау – сейсенбі сағат 15.00ден 18.00-ге дейін,

                                                      бейсенбі сағат 11.00-ден 18.00-ге дейін

                                                      жүргізіледі.

 ІІБ жергілікті полиция қызметінің бастығы

               

     Бұқаев Елнұр Жұмабайұлы 1976 жылы Павлодар қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары, 2005 жылы ҚР ІІМ Қарағанды заң институтын тәмамдаған. Полиция подполковнигі.

     Қызметін 1997 жылғы тамыздан бастап Павлодар облысы Екібастұз ҚІІБ патрульдік қызметі ротасының полицейі ретінде  атқарды және 2004-2008 жылдар аралығында сәуірден бастап патрульдік-бекеттік қызметінің жеке ротасын басқарды;

     2008-2010 жылдар аралығында - Екібастұз қаласының ІІБ криминалдық полиция бөлімшесінің жедел уәкілі, аға жедел уәкілі;

     2010 жылғы тамыздан бастап - Екібастұз қаласының ІІБ әкімшілік полиция бөлімінің бастығы.

     2012 жылғы қыркүйектен бастап – Екібастұз қаласының ІІБ әкімшілік тәртіпте қамауға алынған тұлғаларға арналған арнайы қабылдау орнының бастығы;

       2014 жылғы сәуірден бастап - Павлодар облысы Железин ауданы ІІБ бастығының орынбасары;

       2014 жылғы қазаннан бастап МАЭС-2 кентіндегі Екібастұз қаласының ІІБ полиция бөлімшесі бастығының лауазымын атқарды.

       2015 жылғы қазан айында Екібастұз қаласының ІІБ бастығының орынбасары лауазымына тағайындалды.

       2016 жылғы 18 қаңтардан қазіргі уақытқа дейін Екібастұз қаласының ІІБ жергілікті полиция қызметінің бастығы лауазымында.  

Мекенжайы:  Екібастұз қаласы, Мәшһүр Жүсіп көшесі, 99

Телефон:  8 (718 7) 77-13-33

Азаматтарды жеке қабылдау – күн сайын сағат 15.00-ден 18.00-ге дейін жүргізіледі.

     

Қазақстан Республикасы ІІМ Павлодар облысы ІІД Екібастұз қаласының Ішкі істер басқармасының миссиясы, міндеттері, құзыреті

 

Миссиясы: Екібастұз қаласының Ішкі істер басқармасы Павлодар облысы Екібастұз өңірі аумағында адамның және азаматтың өмірін, денсаулығын, құқықтары мен бостандығын, құқыққа қарсы әрекеттерінен қоғамның және мемлекеттін мүдделерін қорғауға, қоғамдық тәртіпті күзетуге және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған құқық қорғау органы болып табылады.

Міндеттері:

      1) құқық бұзушылықтарды алдын алу;
      2) қоғамдық тәртіпті сақтау;
      3) қылмыспен күрес;
      4) қылмыстық жазалар мен әкімшілік жазалауды орындау;
      5) төтенше жағдайларды алдын алу және жою, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, азаматтық қорғанысты ұйымдастыру.


Ішкі істер басқармасының құзыреті

      Ішкі істер органдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өздеріне жүктелген міндеттер шегінде:
      1) құқық бұзушылықтар жасауға әкеп соқтыратын себептер мен жағдайларды анықтауға, зерделеуге, жоюға бағытталған шаралар іс-кешенін жүзеге асырады;
      2) қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша іс- шаралар кешенін жүзеге асырады;
      3) жол қозғалысы  және оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;
      4) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      5) күзет қызметі саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      6) мемлекеттік күзетілуге жататын жеке тұлғалар мен объектілердің күзетуін жүзеге асырады;
      7) террористік қатынаста осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының жағдайына бақылау жүргізеді;
      8) халықтың және босқындардың азаматтылығы, көші-қон саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
      9) жеке басын куәландыратын құжаттар дайындауды, сонымен қатар  жеке сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімін жүргізуді жүзеге асырады;
      10) лицензия және рұқсат беру қызметін жүзеге асырады;
      11) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша өндірісті жүзеге асырады;
      12) қылмыстық құқық бұзушылықтарды ашуды және тергеуді жүзеге асырады;
      13) жедел-iздестiру қызметiн және жариялы емес тергеу әрекеттерін жүзеге

            асырады;
      14) зерттеулерді жүзеге асырады;
      15) іздестіруді жүзеге асырады;
      16) есірткі құралдары, психотроптық заттары, прекурсорлар айналымы аясында мемлекеттік саясатты  және олардың заңсыз айналымына және асыра пайдалануға қарсы іс-әректтерін жүзеге асырады;
      17) қылмыстық процеске қатысатын тұлғалардың мемлекеттік қорғауын жүзеге асырады;
      18) қылмыстық – атқару қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады, ішкі істер органдарының арнайы мекемелерінде тұлғаларды ұстауды жүзеге асырады;
      19) мемлекеттік қызметтер көрсетеді;
      20) халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
      20-1) азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      21) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде қарастырылған өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Жергілікті полиция қызметі

       Жергілікті полиция қызметінің іс-әрекеті келесі негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
      1) құқық бұзушылықтарды алдын алу;
      2) қоғамдық тәртіпті сақтау;
      3) жол қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
      4) қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу;
      5) әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша өндіріс  және қылмыстық теріс әрекеттері бойынша хаттамалық нысанда сотқа дейінгі тергеу.