Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Соңғы қоңырау мерекесі

Екібастұз қаласының әкімі Александр Вербняк № 1 мектеп-гимназиясының түлектерін, олардың ата-аналары мен ұстаздарын соңғы қоңырау мерекесімен құттықтады.  

- Алдағы өмірлеріңіз жарқын, жолдарыңыз әрдайым ашық, дендеріңіз сау, бақыттарыңыз баянды болсын, - деп қала басшысы мектеп бітірушілерге сәт сапар тіледі.

2014-2015 оқу жылында Екібастұзда 728 түлек алтын ұя мектебімен қоштаспақ. Оның 7-і «Алтын белгіге», 4-і үздік аттестатқа үміткер, 556-сы ҰБТ-ға қатысады.