Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Қала басшысы мәдениет және өнер саласының қайраткерлерін құттықтады

 Бүгін, мәдениет және өнер саласының қызметкерлері күні Екібастұз қаласының әкімі Александр Вербняк бұл саланың қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.

«Құрметті мәдениет және өнер қайраткерлері, мәдениет саласында жұмыс істейтін мемлекеттік қызметшілер, сіздер адамдарға қуаныш сыйлайтын шеберлік иесісіздер. Мерекелік күндері барлығы демалғанда,  сіздер қалада жаппай мәдени, концерттік шаралар ұйымдастырасыздар. Бүгін де өз кәсіби мейрамдарыңызда. Осы күні аймақ мәдениетінің қамын ойлайтындарға ризашылығымды қаланың тарихи-мәдени мұрасын сақтағандарыңыз, мұражай және кітапхана ісі, мәдени-ағарту дәстүрлеріне деген адалдық, кәсіби шеберліктеріңіз,  шығармашылық жолындағы риясыз еңбектеріңіз үшін білдіремін», - деді  А. Вербняк және оларға зор денсаулық, бақыт, шаңырақтарына құт-береке, сарқылмас жігер және жаңа кәсіби табыстар тіледі.

Құттықтау сөзден кейін қала басшысы салтанатты марапаттау рәсімін өткізді.

Қаланың мәдени дамуына қосқан қомақты үлесі, ерен еңбегі, қоғамдық өміріне белсене қатысқаны, кәсіпкерлігі, Екібастұзға және оның тұрғындарына адал қызмет еткені үшін қоғамдық танылым дипломы мен «Екібастұздың мәдениеті мен өнерінің дамуына қосқан елеулі үлесі» белгісімен мәдени-ағарту ісінің үздігі, КСРО мәдениетінің ардагері, «Өнер» қалалық мәдениет орталығының бірінші директоры, халық шығармашылығы жалпыодақтық фестивалінің лауреаты Шамгон Шаймарданович Мусин марапатталды.

Солнечный кенті «Мақпал» мәдениет үйінің директоры Архат Илеубаев, «Екібастұз орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары Татьяна Ермакова,  «Досуг» орталығының директоры Людмила Гончарова Екібастұз қаласы әкімінің құрмет грамотасына ие болды.  

Қала әкімінің алғыс хаты  Бесқауға ауылдық клубының мәдениет қызметкері Арман Райға, қалалық кітапхананың қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Күнтай Карекинаға, «Өнер» қалалық мәдениет орталығының көркемдік жетекшісі  Марина Лазареваға табыс етілді.

Мәдениет саласының ардагерлеріне гүл шоқтары тапсырылды.

Салтанатты жиналыстың ресми бөлімі аяқталған соң көрермендердің назарына жергілікті дарындардың күштерімен ұйымдастырылған концерт ұсынылды.