kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

Жеке оңалту бағдарламасының әлеуметтік және кәсіптік ұсынымдарын орындау жөніндегі жұмыс туралы

         2017 жылы жеке оңалту бағдарламасының 1384 ұсынымдары орындалуға жатады, 1 мамырға орындалу пайызы 53,3% немесе 737.

         Іс-шаралар бөлінісінде ағымдағы жылы мүгедектер төмендегілермен  қамтамасыз етілді:

         128 протездік-ортопедиялық бұйымдармен;

         55 тифлотехникалық құралдармен;

         36 сурдотехникалық құралдармен;

         388 мүгедек міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілді;

         естуі бойынша 41 мүгедекке ымдау тілі маманының қызметтері көрсетіледі;

         қозғалуда қиындық көретін 1-топтағы 117 мүгедекке алып жүру бойынша жеке көмекшілердің қызметтері көрсетіледі.

         «Ардагерлер үйінде» әлеуметтік оңалтудан өтті - бару кестесі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен ұсынылады.

         Кестеге сәйкес 2017 жылға арналған жоспар 288 адамды құрайды, оның ішінде 216 мүгедек пен 72 қарт адам. 85 адам оңалтудан өтті, оның ішінде 23 мүгедек және 62 қарт адам.

         Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар:

         Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың шеңберінде мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен («Жігер» МЕҚ ҚБ, «Көмек Екібастұз» ҚБ, «Жалғыз басты аналарды қолдау орталығы» ҚБ, «Павлодар облыстық мүгедектердің ерікті қоғамы» ҚБ, «Жарық» ОӨК ҚБ) мүгедектердің өмір сүру сапасына және қосымша қызметтерді ұсынуға бағытталған 10 қызмет іске асырылады.

         Мемлекеттік тапсырысты іске асыруға қала бюджетінен 16 815,1 мың теңге бөлінді.

         көп қабатты ғимараттарда тұратын арбадағы мүгедектерге шынжырлы баспалдақ көтергіш қызметтері;

гигиеналық құралдарды жеткізу бойынша қызметі;

Павлодар қаласынан мүгедектердің тұрғылықты жеріне дейін тифлотехникалық құралдарды, сурдотехникалық құралдарды, кресло-арбаларды, протездік-ортопедиялық бұйымдарды жеткізу бойынша қызметтер;

мүгедектерді көлікпен тасымалдау бойынша қызметтер (инватакси);

амбулаторлық емделудегі туберкулез ауруымен сырқат науқастарды ыстық тамақпен қамтамасыз ету бойынша  қызметтер;

халықтың шағын ұтқыр топтарына жолаушылар вагонынан түсерде немесе мінерде көтеру және түсіру үшін арнайы көтергіштер қызметтерін ұсыну бойынша қызметтер;

мүгедектерге тифлотехникалық құралдарды жөндеу бойынша қызметтер.

«ӨМІР» ШОО ҚБ жартылай стационар жағдайында  психоневрологиялық ауруы бар 139 адамға арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынады.

Осы жобаны іске асыру үшін республикалық бюджеттен 39,0 млн.теңге бөлінді.

Кәсіптік оңалту бойынша

2017 жылы мүгедекті оңалту жеке бағдарламасының 62 ұсынымы орындалуға жатады, 1 мамырға орындалу пайызы 66,1% немесе 41 ОЖБ.

Ағымдағы жылы жұмыспен қамту органдары 63 мүгедек жүгінді, оның ішінде: тұрақты жұмыс орнына 7 мүгедек, әлеуметтік жұмыс орнына 7 мүгедек жұмысқа тұрғызылды, қоғамдық жұмыстарға 45 мүгедек жіберілді.

Қамтылуы 93,6% құрады (жүгінгендерден - 63).

 

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза